20.06.2022, 15:53 10956

КҚК айлақтарының жұмысын тоқтата тұру қазақстандық мұнайдың жөнелтілуіне әсер етпейді - Ақшолақов

Тазалау жұмыстарының басталғаны өткен аптаның басында белгілі болды.
КҚК айлақтарының жұмысын тоқтата тұру қазақстандық мұнайдың жөнелтілуіне әсер етпейді - Ақшолақов
Сурет: cpc.ru
НҰР-СҰЛТАН. 20 МАУСЫМ - ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Каспий құбыр консорциумындағы (КҚК) екі айлақ қондырғысының жұмысын тоқтатуға қатысты пікір білдірді.
 
Тазалау жұмыстарының басталғаны өткен аптаның басында белгілі болды. Бұл Қазақстан мұнайын жөнелтуге әсер етпейді, көлемі де азаймайды.
 

Маусымның 15-і мен 25-і аралығында, егер олар жұмысты аяқтаса, Қашаған 15 шілдеге дейін жөндеуден өтеді. Үшінші айлақ қондырығыс да жұмыс істеп тұр, алғашқы екеуі түбін тазалау жұмыстарына байланысты тоқтап тұр. Есіңізде болса, апатты оқиға болды – бір айлақ қондырғысы дегеніміз 70% қуат. Сәйкесінше, Қашағансыз, КҚК-ға кіретін мұнай көлемі бір айлақ қондырғысы ғана жұмыс істеп тұрса да сыяды", - деді ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны