14.07.2022, 16:34 20351

ҚР Президенті ӨКМ Операторының қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген несие беруді енгізуді тапсырды

ҚР Президенті ӨКМ Операторының қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдетілген несие беруді енгізуді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 14 ШІЛДЕ - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаппай жаңарту - өзекті мәселе. Қаржыландырудың барлық мүмкін көздерін пайдалану маңызды. ӨКМ Операторының қаражаты есебінен отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу мақсатында жеңілдетілген несие беру тетігін енгізуді тапсырамын", - деді Тоқаев.

 
Ол дамыған агроөнеркәсіптік кешенсіз азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айту мүмкін емес екенін атап өтті.
 

Бұл аксиома", - деді Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны