28.07.2022, 16:05 18341

Энергетика министрлігі Атырау облысында электр энергиясының апатты жағдайда өшірілуіне қатысты түсініктеме берді

Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
АТЫРАУ. 28 ШІЛДЕ - ҚР Энергетика министрлігі Атыраудағы мұнай өңдеу зауытының апатты жағдайда жұмысын кілт тоқтатуына нақты не себеп екенін айтты.
 
2022 жылы 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауыл жел) салдарынан "Құрманғазы" мұнай айдау станциясын қамсыздандыратын аспандағы 220 кВ-тық екі электр беру желісі бір мезгілде ажыратылды ("Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ-ның балансындағы), делінген хабарламада.
 

Құлаған электр тасымалдау желісі бағандары табылды. Бұл жайт "Қазақстанның Каспий Құбыр Консорциумы" АҚ-ны 16 МВт-тық энергиямен жабдықтауда белгілі бір шектеулерге ұрындырды. Сондай-ақ, Атырау мұнай өңдеу зауытында қоректендіру желілерінің іске қосқыш тетіктері ажыратылған. "Karabatan Utility Solution" электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, салдарынан электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетуге мәжбүр болды", - деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Қазіргі уақытта технологиялық бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, электрмен жабдықтауды авариялық ажырату КҚК теңіз терминалында мұнай жөнелтуге әсер еткен жоқ.
 
Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны