02.08.2022, 16:34 8621

Қазақстанда Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді

Қазақстанда Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасы әзірленеді
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Үкіметінің отырысы барысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ауылдық аумақтарды дамыту бойынша жаңа шаралар қабылдау әрі оларды үйлестіру мақсатында министрлік қазіргі таңда Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу мәселесін пысықтап жатыр.
 

Тұжырымдама ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын, кәсіпкерлікті және агроөнеркәсіпті дамыту бойынша, кадрлық әлеуетін арттыру, тұрғындардың Интернет желісіне қол жетміділігін ұлғайту және тағы басқалар бойынша кешенді іс-шараларды қамтитын болады. Бұл ретте осынау құжатта жауапты мемлекеттік органдарды айқындай отырып, жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша нысаналы параметрлер қарастырылатын болады", — деді Ә. Қуантыров.

 
Премьер-Министр 1 қазанға дейін Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді тапсырды.
 
ҰЭМ басшысының айтуынша, моно- және шағын қалалардың инфрақұрылымын дамыту үшін 2022 жылы 28 қалада 57 жобаны іске асыруға 25,8 млрд теңге бөлінді.
 

1 тамыздағы жағдай бойынша әкімдіктер 9,2 млрд теңгені немесе жылдық жоспардың 35,8%-ын игерді. Қаражаттың ең аз игерілуі Павлодар және Алматы облыстарында байқалады", - деді спикер.

 
Ә. Қуантыровтың мәлімеуінше, ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша моноқалаларды дамыту ісінде кешенді ұстаным қолдану мақсатында, сондай-ақ жаңа шараларды жүйелеу әрі іске асыру үшін министрлік қазіргі таңда тиісті Жол картасын әзірлеп жатыр. Жол картасында Моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай тізбесін, Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарларын әзірлеу, индустриялық аймақтар мен озыңқы даму аумақтарын құру және т.б. мәселелер қарастырылған.
 
Жалпы алғанда "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасының іс-шаралары бекітілген жоспар-кестеге сәйкес іске асырылып жатыр, әрі министрліктің тұрақты бақылауында.
 
Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 96%-ды құрады.
 

Ұлттық жобаны іске асырудың елді мекендердегі инфрақұрылымның жай-күйін жақсартуға, 480 тірек және серіктес ауылды жаңғыртуға, тұрғын үй құрылысына 2,4 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік берді. Жұмыс істейтін жастарға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына, көп балалы отбасыларға арналған тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.

 
Ұлттық жобаны 2021 жылы іске асырудың нәтижесінде нормативтік жай-күйдегі республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 90%-ға дейін (жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 80%-ға дейін) өсті.
 

Өңірлердің әкімдері жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін нормативтік жағдайда ұлғайту жөніндегі жұмысты күшейтуі керек. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің назарына "Дипломмен ауылға" жобасы бойынша бюджеттік кредиттер беру жөніндегі кейбір көрсеткіштердің орындалмағанына аударамын. Жыл соңына дейін көп уақыт қалған жоқ, сондықтан осы жұмысты жандандыру қажет. Жобалардың іске асырылуы әкімдер мен жауапты орталық мемлекеттік органдар басшыларының ерекше бақылауында болуы тиіс", — деді Әлихан Смайылов.

 
Смайылов Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, ұлттық жобаның көрсеткіштері мен іс-шараларының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
 

Облыс әкімдіктері ұлттық жобаның индикаторларына сәйкес қоныс аударушыларды қабылдауды, жайластыруды және қолдауды қамтамасыз етсін", - деп тапсырды Премьер-Министр.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны