29.03.2022, 17:30 14431

Ақтау теңіз портында Контейнерлік хаб құру жоспарлануда

Ақтау теңіз портында Контейнерлік хаб құру жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 29 НАУРЫЗ - Транскаспий бағдары бойынша жүк тасымалын дамыту мақсатында "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында "Контейнерлік хаб" құру жоспарлануда, деп хабарлады ҚР Үкіметінің отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Осы жобаны іске асыру үшін Сингапурлық PSA International компаниясымен келіссөз жүргізілді. Сонымен қатар, Maersk, MSC және Cosco Shipping сияқты әлемдік контейнерлік операторларының паркін тарту көзделуде", - деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Жеке бизнесті тарта отырып, сауда флотын 4 пароммен толықтыру жоспарлануда.
 

Биыл шамамен 4 млн тонна экспорттық жүкті қайта бағдарлауды ескере отырып, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымал көлемін 10 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда", - деп қосты министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны