12.09.2007, 18:34 2721

Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің астық экспортынан табатын пайдасы 120 млрд теңгеге жетуі мүмкін - Ауылшаруашылығы министрлігі

Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің астық экспортынан табатын пайдасы 120 млрд теңгеге жетуі мүмкін.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. АСТАНА. Ағымдағы жылы ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің астық экспортынан табатын пайдасы 120 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ауылшаруашылығы вице-министрі Ақылбек Күрішбаев хабарлады.

"Республикамыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері биыл әлемдегі баға конъюнктурасын тиімді пайдаланып, бидай сатудан ең жоғары деңгейде пайда таба алады. Біздің есебіміз бойынша, дихандардың бидай экспортынан табатын таза пайдасы 120 млрд теңгеге жетпек", - деді А. Күрішбаев.

Ол осы орайда "ауылшаруашылығына субсидиялар ретінде биыл 21 млрд теңге жұмсалғанын" атап өтті. "Бұл - өте ауқымды қаржыландыру және үлкен кіріс. Меніңше, еліміздің ауылшаруашылығы бұған дейінгі шығындарды өтеп, кең ауқымды ұдайы өндіріске жақсы негіз қалай алады", - деп санайды вице-министр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны