17.04.2008, 17:25 12742

"Ақтау-Сити" жобасын қаржыландыруда проблема жоқ - Көшербаев

"Ақтау-Сити" жобасын қаржыландыруда проблема жоқ - Көшербаев

Ақтау. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Ақтау-Сити" қаласын салуды қаржыландыруда проблема жоқ. ІІ Каспий инвестициялық форумында Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, қаланың бүкіл техникалық сызбалары мен жобалары мақұлданған және еліміздің министрліктерімен және ведомстволарымен келісілген. Жол мен қажетті инфрақұрылымды салу бойынша жұмыстар басталып кеткен.

Қ. Көшербаев бұл жаңа қаланың алғашқы кірпішін өткен жылдың қыркүйек айында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қалағанын еске салды. "Жақында бұл жоба Дубай қаласында өткен сәулет және құрылыс көрмесінде Сочи қаласымен бірге жоғары бағаланды", - деп атап көрсетті облыс әкімі.

"Ақтау-Сити" жобасын таныстыру кезінде Millennium Development International компаниясының директоры Лабиб Абс Амин құрылыс 38 млрд АҚШ долларына жобаланып отырғанын тағы бір мәрте еске салды. Қаланың инфрақұрылымына 335 млн доллар жұмсау көзделіп отыр. "Бұрынғы Кеңестер Одағы елдерінің аумағында бұл жобаға балама табылмайды. Бұл инфрақұрылым дамытудағы нағыз секіріс", - деп атап көрсетті Лабиб Абс Амин.

IPK International компаниясының президенті Рольф Фрайтаг өз кезегінде күдік келтірушілер болса бұл ауқымды жобаның жүзеге асатынына күмәнданбаулары тиіс екендігін айтты. Жоспарын жасауға ғана миллиондаған доллар жұмсалған. Жоба барлық халықаралық стандарттарға сай жасалған.

Жобаға қатысушылар бұл жобаның іске асуы Ақтау қаласының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсер береді деп есептейді. "Ақтау-Сити" салына бастасымен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сонымен қатар, өсімдіктер әлемінің ұлғаюы мен жасыл белдеулердің құрылуы топырақты эрозиядан сақтап, өңірдегі жалпы климаттық жағдайды жақсартады.

Жобаның концепциясына сәйкес Каспий теңізінің жағасындағы үш жарым мың гектар жерде іскерлік орталықтар, сауда және ойын-сауық кешендері, бағландық және үнемдік класстардың тұрғын үйлері салынып, саябақтар мен гольф алаңдары орын тебеді. Теңізде "Каспий жауһары" атты жасанды арал салынады. Онда тұрғын үйлер мен гольф алаңдары орналасады деп жоспарланған.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жобаны жасау ісімен Бостон, Париж, Лондон және Гонконг қалаларынан жиналған бірлескен халықаралық сәулетшілер тобы айналысқан. Стратегиялық жоспарлауды Ливанның Millennium Development International компаниясы іске асырған. Бас жоспарды дайындаған Американың Koetter Kim & Associates компаниясы. Инфрақұрылымды жүзеге асырушы Ливанның "Катиб пен Аллами" компаниясы. Жобаны алға жылжытуға жауапты ТВА (БАИ, АҚШ) компаниясы болып табылады. Құрылысты ұйымдастыру үшін Қазақстанның "Казэмир Холдинг" компаниясы құрылған. Осы компания Еуропа, Америка және Парсы шығанағы елдерінен инвесторлар тартумен айналысуда. Дегенмен, Қазақстан инвесторларының да артықшылығы ескеріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны