04.01.2008, 17:42 3086

Ақтөбе әкімі нан құнының қымбаттауына байланысты жағдайды түсіндірді

Ақтөбе әкімі нан құнының қымбаттауына байланысты жағдайды түсіндірді

Актөбе. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе әкімі Серік Нокин бүгін қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында нан құнының өсуіне байланысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қала басшысының сөздеріне қарағанда, зауыт шығарған бір бөлке нан бағасының 50 теңгеге өсуі, "аймақта негізгі нан өндірушілері болып отырған "Ақтөбе-нан" АҚ бірінші сортты ұнның орнына, жоғарғы сортты ұнынан нан шығара бастауына байланысты".

"Соның нәтижесінде бір бөлке нан 46 теңгеден жіберліп, дүкендерде 50 теңгеге сатылатын болды", - деп атап өтті әкім.

С. Нокиннің айтқанындай, алайда "бұл Ақтөбеде 35 теңгелік нан сатылмайды деген сөз емес. Басқа нан өндірушілері азық-түлік тізімінің басында тұрған нанды 32 теңгемен сатады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны