Өздеріңіз білетіндей, мұнай-газ кешені - бюджетке ірі көлемде түсімдерді, инвестицияларды және жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін Қазақстанның экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі. Қазіргі уақытта мұнай саласында шамамен 220 мың адам еңбек етеді, оған өндіру, өңдеу, тасымалдау және мұнай сервисі кіреді. 2023 және 2024 жылдары жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауға тиісінше 150 млрд және 160 млрд теңге инвестициялады. 2025 жылдың 9 айында геологиялық барлауға салыған инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрады. Жыл соңына дейін геологиялық барлауға салынатын инвестиция көлемі алдыңғы жылдардың деңгейімен бірдей болады деп күтілуде", - деп атап өтті Қайырхан Тұтқышбаев.
2020 жылдан бері аукциондарды өткізу рәсімі толығымен автоматтандырылған, сауда-саттықтар e-qazyna.kz порталында өткізіледі, бұл оны барынша ашық етеді. Мәселен, биыл министрлік 2 аукцион өткізді, оның нәтижесінде 11 келісімшарт жасалды. Бюджетке 10,6 млрд теңге аударылды. Алдағы 6 жылға барлауға $71,6 млн инвестиция тартылып отыр. Жаңа айтып өткен, Жер қойнауын пайдалануды басқарудың мемлекеттік бірыңғай жүйесі (ЖҚПБМБЖ) ақпараттық жүйесінде хабарламалар электрондық түрде жолданады. Осы хабарламаларды жыл сайынғы мониторинг нәтижесінде 2024 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың атына жалпы сомасы шамамен 19 млрд теңге болатын келісімшарттық міндеттемелерді бұзу туралы 167 хабарлама жолданды. Осылайша, мемлекеттік бюджетке шамамен 2 млрд теңге түсті. Бұл жұмыстар министрліктің тұрақты бақылауында", - деп атап өтті Қайырхан Тұтқышбаев.
Мемлекет басшысы табиғи ресурстарды тиімді және ақылға қонымды пайдалану қажеттігін, сондай-ақ мұнай-газ саласына, әсіресе геологиялық барлау, жер қойнауын кешенді зерттеу және қосымша инвестициялар тарту саласында жаңа шешімдер қажет екенін атап өтті. Геологиялық барлауды ынталандыру мақсатында депутаттық корпус бірқатар маңызды заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасады. Олардың ішінде мыналарды атап өтуге болады. Біріншіден, аумақтардың ағымдағы шекараларын сақтай отырып, өндіру учаскелерін тереңдету мүмкіндігі. Бұл жаңа кен орындарын іздеуге түрткі болады, компаниялардың қосымша инвестициялар тартуға қызығушылығын арттырады және мемлекетке жаңа геологиялық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Екіншіден, былтыр қабылданған "Экономиканы ырықтандыру туралы" Президент Жарлығы шеңберінде ұлттық компанияларды жер қойнауы учаскелерін басым құқықпен резервацияға алуын үш жылдық кезеңмен шектеу ұсынылды. Бұл бәсекелестіктің дамуын арттырады, әлеуетті инвесторларды тартады және учаскелерді барлауды және кейіннен өнеркәсіптік өндіруге тартуды жеделдетеді. Үшіншіден, ауыр және тақтатас мұнай сияқты қиын алынатын қорларды игеруді ынталандыру мақсатында күрделі жобаларды барлау мен өндіріске дайындау критерийлері түзетулер арқылы кеңейтілді. Осы түзетулерді қабылдау орта мерзімді перспективада 18,7 млн тонна көлемінде АВС1 + С2 санаты бойынша алынатын мұнайдың жиынтық қорлары бар Шығыс Қазақстан облысындағы бірқатар кен орындарына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Биылғы 5 қарашада екінші оқылымда заң жобасын Парламент Мәжілісінің депутаттары қолдады", - деді энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

