11.02.2014, 19:19 3424

Илеуметтік төлемдер мен зейнетақыны көтерудің жоспарлы жұмысы инфляция өсімінің орнын басады - Б. Сұлтанов

"6-8 пайыздық дәлізді айтқандықтан, жүргізіп жатқан жұмыстарға байланысты біз барлық күш-қуатымызды әлеуметтік төлем мен зейнетақының өсуіне бағыттаймыз", - деді ол.

Алматы. 11 ақпан. Kazakhstan today. Илеуметтік төлемдер мен зейнетақыны көтерудің жоспарлы жұмысы инфляция өсімінің орнын басады. Бұл туралы ОКҚ-нің баспасөз отырысында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді.

"Коммуналдық қызмет, табиғи монополистер тарифтері бойынша біз кеңес аясында экономикалық саясат арқылы жұмыс істеудеміз. Біз тарифтердің өсу барысын байқадық, себебі жыл сайын тарифтердің өзгеруі қажетті құбылыс, тиімділікті арттыру қажеттілігі болғандықтан, ТКШ ескіру деңгейі мен ресурсты тиімді қолдануды да арттыру қажет", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, зейнетақы өсуіне байланысты бюджеттің өзінде зейнетақының өсуі жоспарланған болатын, зейнетақыға 2 пайыз өсім, ал күтілген инфляция - 7 пайыз.

"6-8 пайыздық дәлізді айтқандықтан, жүргізіп жатқан жұмыстарға байланысты біз барлық күш-қуатымызды әлеуметтік төлем мен зейнетақының өсуіне бағыттаймыз", - деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны