15.09.2016, 13:51 4036

Алматыда еліміздегі еӊ ірі жылыжай кешені іске қосылды

Жылыжайдыӊ іске қосылуы барысында 150 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

Алматы. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда еліміздегі еӊ ірі жылыжай кешенініӊ алғашқы кезеӊі іске қосылды, деп хабарлады қала әкімдігі.

Қаланыӊ Индустриялық аймағындағы 17 га жерге орналасқан "BRB APK" ЖШС-ніӊ бұл жобасыныӊ қуаты жылына 7000 тоннадан астам экологиялық таза қияр мен қызанақтар шығаруға жетеді. Алматы әкімі Бауыржан Байбек жылыжайды аралап көрді.

"Бұл жоба - Мемлекет басшысыныӊ ірі қалалар жанынан азық- түлік белдеуін құру жөніндегі жобасыныӊ жүзеге асуы. Осылайша біз мегаполисті азық- түлікпен қамтамасыз ету бойынша стратегиялық міндетті, маусым арасында көкөніс бағасын тұрақтандыруды шешеміз.Біз көкөніс өнімдерініӊ жылыжайдан бірден сауда орындарына түсуі әрі тұтынушылардыӊ барынша сапалы өнім алуы үшін барлық жағдайларды жасаймыз", - деді әкім.

Алматылықтар отандық өнімге биылғы жылдыӊ қараша айында қол жеткізе алады. Өнімніӊ 80% қаланыӊ сауда орындарымен жасалған меморандумдар арқылы өсіріледі.

Атап өтерлік жайт, қала базарыныӊ 70% -ын Қытай мен Өзбекстаннан жеткізілген өнімдер құрайды. "BRB APK" компаниясыныӊ көкөністері ішкі нарықтыӊ бестен бір бөлігін қамтамасыз етпекші.

Голландиялық қондырғылар мен бұрқақтау арқасында су да үнемделуде. Жылыжайдыӊ іске қосылуы барысында 150 тұрақты жұмыс орны пайда болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны