10.07.2018, 21:38 7615

Алматыда таяу жылдары 500 ескі және апатты үйдіӊ орнына 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады

"Бұл бағдарламаны жүзеге асыру бірқатар мәселені шешуге жол ашады. Қаланыӊ келбеті өзгереді, жұмыс орындары ашылады, инвестиция тартылады, еӊ бастысы, қалалықтардыӊ тұрмысы жақсарады", - деді Бауыржан Байбек.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan Today- Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары барысында ескі үйлерді сүру бағдарламасын жүзеге асыру, аулаларды абаттандыру және қаланыӊ бірқатар даӊғылдарын жаӊарту барысымен танысты.

Мысалы,Сүлейменов көшесініӊ қиылысы мен Жандосов көшесінен жоғары орналасқан үй тұрғындарын уақытша орналастыру мен 50 жылдары салынған үйлерді сүру жұмыстары басталады. 8 пәтерлі үйдіӊ орнына "Алматы ИКК ҰК" АҚ жеке құрылыс жүргізушімен бірге орталықтандырылған коммуникация жүйесі бар көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлаған. Жалпы осы аймақта 44 ескі үй сүріледі.

Жетісу ауданы Райымбек даӊғылы бойындағы 2,7 га жерге орналасқан екі қабатты апатты үй сүріледі. Жалпы, таяу жылдары 500 ескі және апатты үйлер бұзылып, олардыӊ орнына 1,2 млн. шаршы метр тұрғын үй салынады.

"Бұл бағдарламаны жүзеге асыру бірқатар мәселені шешуге жол ашады. Қаланыӊ келбеті өзгереді, жұмыс орындары ашылады, инвестиция тартылады, еӊ бастысы, қалалықтардыӊ тұрмысы жақсарады", - деді Бауыржан Байбек.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі Иуезов ауданындағы жаӊарған аулаларды көрді, биылғы жылы 65 аула жөнделеді. Егер өткен жылы қалада 500 аула жөнделсе, биыл тағы да 600 аула жаӊарады.

Жаӊа аулаларды салу кезінде балалар және спорт алаӊдары, тренажер және ойын кешендері пайда болады. Олардыӊ едендеріне асфальт және резина төселеді, орындықтар мен урналар қойылады, жарық көздері орнатылады.

Кейбір аулаларға пилотты режимде күн сәулесімен жұмыс істейтін жарық бағаналары орнатылған. Кейін олар өзге аулаларды жөндеген кезде кеӊінен пайдаланылады.

Алматы әкімі қаланыӊ тарихи орталығын жаӊартуға қатысты жүріп жатқан құрылыс жұмыстарыныӊ қарқынымен танысты. Қазіргі кезде Абай, Абылай хан, Назарбаев даӊғылдары мен Абай алаӊында инженерлік желілерді қайта жүргізу, тас төсеу, жарық бағаналарын, суару жүйелерін ауыстыру, кіре берістер мен нысанныӊ сыртқы келбетін өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Реконструкция аясында жаяу жүргінші аймағы кеӊейеді, көлеӊкелі кеӊістікке жасыл желек отырғызылады, фонтандар жаӊарады және салынады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны