12.02.2020, 23:36 4384

Алматықаласының Жетісу ауданында 2 емхана салынып, мектептердегі орындар 1000-нан асатын болады

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша Жетісу ауданында 2 емхана салынып, мектептердегі орындар 1000-нан асатын болады

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша Жетісу ауданында 2 емхана салынып, мектептердегі орындар 1000-нан асатын болады.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов хабарлады.

Бүгінгі күні Жетісу ауданының аумағында 3 емхана орналасқан, ал халық саны 170 мың адам. Оның ішінде 122 мың адам аудан емханаларында медициналық қызмет алуда, ал қалған 46 мың адам басқа аудандардың 5 емханасында емделуге мәжбүр. Осыған орай, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Жетісу ауданында қосымша емхана салуға тапсырма беріген болатын.

"Біз қазір қаражы таптық. Өткен жылдың қыркүйек айында жергілікті бюджетті нақтылау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қосымша ақша бөлінді. Нәтижесінде біз не аламыз? "Кемел" елді мекенінде 200 ауысымдағы отбасылық дәрігерлік амбулатория салынады. Одан басқа, Жұмысшы поселкесінде 240 адам келетін жаңа емхана және Айнабұлақтағы №11 емхана ашылады", - деді Мақсат Қиқымов.

Одан бөлек, брифинг барысында аудан аумағындағы білім беру мекемелерінің мәселелері көтерілді. Бүгінгі күні ауданда 21 мектеп бар, онда 25 мың 281 оқушы оқиды. Аудан әкімінің айтуынша, жыл сайын мектептерде оқушылар саны артып келеді. Мектептерде 1000 адамға орын жетіспейді. Бұл мәселені шешу үшін, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оқушыларға арналған қосымша орын құруға қаржы бөлуді тапсырды.

"Алматы қаласы әкімінің тапсырмасы бойынша, өткен жылдың қыркүйек айында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат бөлінді. Егер биыл аяқтасақ, келесі жылы №57 мектепке 300 орындық, №62 мектепке 150 орындық және №177 мектепке - бұл Көкжиек шағын ауданы 600 орындық қосымша құрылыс бастаймыз. Нәтижесінде, біз 1050 орынды қосымша құрамыз.", - деп айтты Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов.

Мақсат Қиқымовтың ақпаратынша, мектеп орындарынан басқа №43 мектепте спорт зал мен асхана мәселесі шешілетін болады. Бұл мәселені шешу үшін жобаға 600 шаршы метр қосымша құрылыс бөлінді.

Жалпы, ауданның 21 мектебіне 100% сейсмикалық күшейту жоспарлануда. Бүгінгі күні олардың 19 дайын және екі мектеп жұмыс істеуде, бұл №80 және № 127 мектептер.

"Олар үшін біз қазір ЖСҚ-ға ақша бөлдік. Келесі жылы сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жүргізіледі. Содан кейін ғана 21 мектеп 100%-ға сейсмокүшейтілген болады", - деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны