17.01.2022, 17:24 16641

Алматы әкімдігінде қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден келтірілген шығынның жалпы көлемі жарияланды

Алматы әкімдігінде қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерден келтірілген шығынның жалпы көлемі жарияланды
Сурет: facebook_Ольга Агапова
АЛМАТЫ. 17 ҚАҢТАР - Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі штаб отырысында тәртіпсіздіктерден келтірілген залал сомасын айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ілияс Өсеровтың айтуынша, алдын ала деректер бойынша (14.01.2022 жылғы жағдай бойынша) мүліктің барлық түрлері бойынша залалдың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден астам (~112,6 млрд), оның ішінде: бизнес субъектілері бойынша 67 млрд (ШОБ – 42 млрд, ірі бизнес – 25 млрд).
 

Қаладағы ШОБ нысандарының ішінде азық-түлік емес дүкендер ең көп зардап шекті. ШОБ арасында азық–түлік емес дүкендер – 20,9 млрд, азық–түлік дүкендері – 5,7 млрд, қару-жарақ дүкендері – 6,4 млрд, ломбардтар - 2,9 млрд, қоғамдық тамақтану объектілері – 1,8 млрд және т.б. зардап шекті", - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары.

 
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев бүгінде қалпына келтіруге жататын 243 нысан анықталғанын атап өтті.
 

Оның ішінде: 27 – мемлекеттік мекемелердің нысандары, 216 – ШОБ нысандары. 216 ШОБ нысанының 206-сы тексерілді. Үш нысанға күрделі жөндеу қажет: Жетісу ауданындағы "Мерей" СҮ Қойма ғимараты, Бостандық ауданындағы "Мир 24" ТРК ғимараты, Әуезов ауданындағы das Auto Service ғимараты. ҚМЖ құны анықталады. 203 нысан ағымдағы жөндеуді қажет етеді, оның 8-і меншік иелерінің өз қаражаты есебінен қалпына келтірілді", - деді ол.

 
Әзірбаев, сондай-ақ, қалған 17 нысанның жеңіл зақымдалғанын, сондықтан қалпына келтіру бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асырылатынын атап өтті.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны