17.03.2021, 21:00 18018

Алматы облысында мыс кен орнын игеру жобасы жүзеге асырылады

Өндірістің қосымша көлемі Алматы облысындағы қуаттылығы жылына 25 млн тонна мыс кенін құрайтын Көксай мыс кен орнын игеру жобасын іске қосуды қамтамасыз етеді.
Талдықорған. 17 наурыз. Kazakhstan Today - Жетісуда қуаттылығы жылына 25 млн тонна мыс кенін құрайтын жаңа тау алыбы-мыс өндіруші 2025 жылы пайда болады, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов өңдеу өнеркәсібі салаларындағы жоспарланған жұмысқа арналған Үкімет отырысы барысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Көксай" тау-кен компаниясы - Алматы облысы Кербұлақ ауданы, Сарыөзек темір жол станциясының оңтүстік-батысында орналасқан, инфрақұрылымы дамыған KAZ Minerals Тобының өндірісін кеңейту жөніндегі үшінші ірі жоба екені белгілі болды. Көксай мыс кен орны бірқатар ірі кен орындарына жатады және Балқаш кен байыту комбинаты шикізатының резервтік көзі болып табылады.

 
Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, 2021 жылы өңдеу өнеркәсібінің нақты көлем индексінің 5,8% өсімі жоспарланған.
 

Қара металлургияда биыл нақты көлем индексі – 105% деп белгіленген. Оның ішінде ферроқорытпа өндірісі 10,4%, болат өндірісі 17% және прокат өндірісі 19% артады деп жоспарланып отыр. Мырыш өндіру көлемі 18,6%, қорғасын 18,8%, мыс концентраты 9%, алюминий 6% ұлғайтылады. Bloomberg (американдық қаржылық ақпарат жеткізушісі) болжамына қарасақ, қысқа мерзімді перспективада түсті металдардың барлық түрі бойынша баға көтерілуі тиіс", — деді ведомство басшысы.

 
Осыған байланысты номиналды мәнде түсті металлургия өндірісінің өсімі 13% деңгейінде болжанып отыр. Бұл өндірістің жоспарланған көлемін қамтамасыз етеді. 2025 жылға дейінгі мерзімде Алматы облысында Көксай мыс кен орнын игеру жобасы іске асырылады. Қуаты жылына 25 млн тонна болады және қуаты 250 мың тонна бастапқы алюминий болатын Павлодар қаласындағы "Қазақстандық электролиз зауытының" екінші кезегі салынады.
 
Айта кетейік, жоба тұжырымдамалық әзірлеу сатысында тұр. Болжамды бағалау бойынша кенішті пайдалану мерзімі 20 жылдан астам уақытты құрайды, орташа жылдық өндіріс кезінде ілеспе өнім ретінде алтын, күміс және молибденмен қатар концентраттағы мыс шамамен 85 мың тоннаны құрайды. Есептеулер бойынша, кен орнындағы минералды ресурстардың құрамында 0,44% мыс бар 701 млн тонна кен бар, деп хабарлайды Алматы облысының "JETISY MEDIA" КММ.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны