06.04.2020, 16:54 10527

Алматыда 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді

Ақтөбе облысында ТЖ кезеңіне коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді

Алматы. 6 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында ТЖ кезеңіне коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді.

Халықты әлеуметтік қолдау және қаржылық ауыртпашылықты төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар шеңберінде, Мемлекет басшысымен бірқатар тапсырмалар берілген болатын, оның ішінде коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендету де бар. Осы тапсырманы орындау мақсатында, Департамент Жергілікті атқарушы органмен бірлесе тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің тарифтерін төмендетуге бастамашылық жасады.

Осылайша, коммуналдық қызметтерге наурыз айына есептелген төлем сомалары, осыған дейін қарастырылған деңгейден төмен болады. Бұндай нәтижеге ауыртпашылықты бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын мекемелерге жүктеу арқылы, төмендегі кәсіпорындар бойынша қол жеткізілді (барлық бағалар ҚҚС-мен көрсетілген):

- "Ақбұлақ" АҚ Ақтөбе қ. бойынша тарифтері 20% төмендейді, оның ішінде: сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 77,97 теңгеден 62,38 теңгеге,

су бұру қызметі бойынша 1м3 67,21 теңгеден 53,77 теңгеге дейін, жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал 3090,72 теңгеден 2472,58 теңгеге дейін;

- "Теміржолсу-Ақтөбе" ЖШС Ақтөбе қ. сумен жабдықтау қызметі тарифі 20% төмендейді, яғни 1м3 74,49 теңгеден 62,38 теңгеге дейін;

- "Ұлы Борсық" АҚ Шалқар ауд. бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 116,27 теңгеден 58,13 теңгеге; су бұру қызметі бойынша 1м3 125,17 теңгеден 62,59 теңгеге дейін;

жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін 3332,27 теңгеден 1666,08 теңгеге дейін; жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 4407,13 теңгеден 2203,57 теңгеге дейін;

- "Алға-Жылу" КМК Алға ауд. бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 116,37 теңгеден 58,18 теңгеге; су бұру қызметі бойынша 1м3 64,44 теңгеден 32,22 теңгеге дейін; жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал 3581,40 теңгеден 1790,70 теңгеге дейін;

- "Коммуналшы" МКК Мұғалжар ауд. бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 93,62 теңгеден 46,82 теңгеге;

су бұру қызметі бойынша 1м3 105,65 теңгеден 52,83 теңгеге дейін; жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары бар тұрғындар үшін 3313,35 теңгеден 1656,68 теңгеге дейін, жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал жалпы үйге ортақ есептеу аспаптары жоқ тұрғындар үшін 4185,97 теңгеден 2092,99 теңгеге дейін;

- "Қазхром" ТҰК" АҚ Хромтау ауд. бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 70,59 теңгеден 35,29 теңгеге; су бұру қызметі бойынша 1м3 36,09 теңгеден 18,04 теңгеге дейін; жылумен жабдықтау қызметіне 1 гКал 3237,14 теңгеден 1618,57 теңгеге дейін;

- "Кенкияк-СК" КМК Кенкияқ ауылы бойынша тарифтері 50% төмендейді, оның ішінде:

сумен жабдықтау қызметі бойынша 1м3 85,21 теңгеден 42,60 теңгеге; су бұру қызметі бойынша 1м3 55,60 теңгеден 27,80 теңгеге дейін.

Атап өту қажет, сумен жабдықтау қызметі бойынша бірқатар аудандарда тұрақты түрде ерекше маңызы бар топтық және локалдық сумен жабдықтау жүйелері арқылы су беру бағдарламасы шеңберінде, мемлекеттік субсидияландыру қолданылады.

Сондықтан, көрсетілген төмендетулер оларға қолданылмайды.

Бұдан өзге, "Актобеэнергоснаб" ЖШС жүзеге асырылатын, электр энергиясымен жабдықтау бағасы, электр энергиясын тұрмыстық мақсаттарға тұтынатын тұрғындар тобына облыс бойынша бағасы шамамен 10% төмендетуге қол жеткізілді, оның ішінде тұтыну деңгейлеріне қарай:

- 1 деңгейлі тариф эл.плитасын қолданатындар үшін - 9,04 теңгеден 8,22 теңгеге, эл.плитасын қолданбайтындар үшін - 9,13 теңгеден 8,30 теңгеге дейін;

- 2 деңгейлі тариф - 11,76 теңгеден 10,69 теңгеге дейін;

- 3 деңгейлі тариф - 14,69 теңгеден 13,36 теңгеге дейін.

Сонымен қатар, осыған дейін коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге, берешек туындаған жағдайда, қызмет көрсетуді тоқтатпау туралы ұсыным жалданған болатын.

Атырау облысында коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті карантин мен төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде халықтың коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мөлшерін төмендету бойынша Мемлекет басшысы Қ. Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 23 наурыздағы коронавирус жағдайы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау шеңберінде халық үшін 2020 жылғы 1 сәуірден бастап төтенше жағдай кезеңі аяқталғанға дейін қолданысқа енгізе отырып келесідей коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді:

сумен жабдықтау қызметіне Атырау қаласының тұрғындары үшін "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның тарифі 92,63-ден 83,37 теңге/м3-ге дейін (ҚҚС-сыз) немесе 10 %-ға төмендетілді;

су бұру қызметіне Атырау қаласының тұрғындары үшін "Атырау облысы Су Арнасы" КМК-ның тарифі 32-ден 28,8 теңге/м3-ге (ҚҚС-сыз) немесе 10%-ға төмендетілді;

жылумен жабдықтау қызметіне Атырау қаласының тұрғындары үшін "Атырау жылу электр орталығы" АҚ-ның тарифі 4832,88-ден 4446,25 теңге/Гкал-ға (ҚҚС-сыз) дейін немесе 8 %-ға төмендетілді;

электрмен жабдықтау қызметіне Атырау облысының тұрғындары үшін "Атырау Энергосату" ЖШС-ның бағасы 4,55-тен 4,46 теңге/кВтс-ға дейін (ҚҚС-сыз) немесе 2%-ға төмендетілді;

газбен жабдықтау қызметіне Атырау облысы Жылыой ауданы тұрғындары үшін "Жылыойгаз" ЖШС-ның бағасы 6857,70-ден 6651,97 теңге/мың.м3-ге (ҚҚС-сыз) дейін немесе 3%-ға төмендетілді және Жылыой ауданы Майкөмген ауылының тұрғындары үшін 9069,70 -тен 8797,61 теңге/мың м3-ге (ҚҚС-сыз) дейін немесе 3%-ға төмендетілді;

сумен жабдықтау қызметіне Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындары үшін "Жылыойсу" МКК-нің тарифі 161,68-ден 148,75 теңге/м3-ке дейін (ҚҚС-сыз) немесе 8 %-ға төмендетілді;

су бұру қызметіне Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындары үшін "Жылыойсу" МКК-ның тарифі 90,96-дан 83,68 теңге/м3-ке дейін (ҚҚС-сыз) немесе 10%-ға төмендетілді.

Бұдан басқа, осыған дейін коммуналдық қызмет көрсететін барлық субъектілердің атына Департамент төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде пайда болған берешектер үшін тұтынушыларға ТКШ саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуды тоқтатпауға ұсыныс хат жолдады.

Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерге төмендетілген тарифтер қолданылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің коронавирусты жағдай және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау үшін, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ халық үшін қаржылық жүктемені төмендету мақсатында, төтенше жағдайдың әрекет ету кезеңінде жеке тұлғалар үшін 2020 жылғы 1 сәуірден бастап келесі қызмет түрлері бойынша тарифтерді өз бетінше төмендету туралы шешім қабылдады:

Петропавл қаласы бойынша "Қызылжар су" ЖШС-ы:

- халық үшін сумен жабдықтау қызметтеріне тариф 1 м3 үшін ҚҚС-ы есебімен 81,25 теңгеден 73,12 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендетті;

- халыққа су бұру қызметтеріне тариф 1 м3 үшін ҚҚС-ы есебімен

74,94 теңгеден 67,44 теңгеге дейін немесе 10% - ға төмендетті.

Ғ. Мүсрепов атындағы, Айыртау, Тайынша, Ақжар және Уәлиханов аудандары бойынша "Солтүстік Энерго Орталық" ЖШС-ы:

- халық үшін электрмен жабдықтау бойынша қызметтерге тариф 1 кВт/сағ ҚҚС-ы есебімен 14,35 теңгеден 12,91 теңгеге дейін немесе 10% - ға төмендеді.

- халық үшін электрмен жабдықтау бойынша қызметтерге тариф

1 кВт/сағ ҚҚС-ы есебімен 14,35 теңгеден 12,91 теңгеге дейін немесе 10%-ға төмендетті.

Петропавл қаласы, Шал Ақын, Аққайын, М. Жұмабаев, Қызылжар, Мамлют, Жамбыл және Теміряз аудандары бойынша "Севказэнергосбыт" ЖШС-ы:

- халық үшін электрмен жабдықтау бойынша қызметтерге тариф

1 кВт/сағ ҚҚС-ы есебімен 12,32 теңгеден 11,70 теңгеге дейін немесе 5%-ға төмендетті.

Маңғыстау облысының коммуналдық төлемдері үшін тарифтер төмендетілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстіміздегі жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналысында берілген тапсырмасын орындау барысында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін келесі коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді:

1) "МАЭК-Казатомпром" ЖШС-ның Актау қ. тұрғындары үшін:

- жылумен жабдықтау қызметінің тарифі ҚҚС-сыз Гкал үшін 2 392,37 теңгеден 2 242,19 теңгеге дейін, яғни 6,28%-ға;

сумен жабдықтау қызметіне, соның ішінде:

- ауыз судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін с 199,88 теңгеден 188,19 теңгеге дейін немесе 5,85%-ға;

- ыстық судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 180,14 теңгеден 171,52 теңгеге дейін немесе 4,79%-ға ;

-техникалық судың тарифі ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 93,66 теңгеден 90,43 теңгеге, яни 3,45 %-ға;

2) су бұру қызметіне "Каспий жылу, су арнасы" ЖШС-ы Ақтау қ. тұрғындарына ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифті 54,06 теңгеден 48,65 теңгеге дейін төмендетті, яғни 10 %-ға;

3) жылумен жабдықтау қызметіне "Озенжылу" ЖШС-ы Жаңаөзен халқы үшін ҚҚС-сыз Гкал үшін тарифін 2529,9 теңгеден 2276,87 теңгеге, яғни 10%-ға;

4) су бұру қызметіне "Озенинвест" ЖШС-ы Жаңаөзен халқы үшін ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифін 35,72 теңгеден 32,47 теңгеге дейін немесе 10%-ға;

5) жылумен жабдықтау қызметіне "МангистауЖылу" МКК-ы Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданының тұрғындарына ҚҚС-сыз Гкал үшін тарифін 2376,12 теңгеден 2138,5 теңгеге дейін немесе 10%-ға;

6) сумен жабдықтау қызметіне "Казводхоз" РМК-ы Басқұдық, Бекі ауылының тұрғындарына ҚҚС-сыз 1 м3 үшін тарифін 527,23 теңгеден 500,86 теңгеге немесе 1%-ға азайтты.

Сонымен қатар, бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге Департамент төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолдаған болатын.

Алматы қ. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерге тарифтер төмендетілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласында коронавирустық жағдай және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау шеңберінде коммуналдық қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілері қоғамдық келісім тұрақтылығының маңыздылығын мойындай отырып, сондай-ақ қала тұрғындары үшін қаржылық жүктемені төмендету мақсатында төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Алматы қаласының тұрғындары үшін 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, келесі қызмет түрлері бойынша 10%-ға тарифтерді өз бетінше төмендету туралы шешім қабылдады:

1) "Алматы Су" ШЖҚ МКК-ы:

- сумен жабдықтау қызметіне тариф ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 42,86 теңгеден 38,57 теңгеге дейін төмендетілді;

- су бұру қызметіне тариф ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 3,12 теңгеден 20,81 теңгеге дейін төмендетілді.

2) "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ы:

- үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптары жоқ тұрғындар тобына жататын жеке тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 5 860,49 теңгеден 5 274,44 теңгеге дейін;

- жалпы үйлік жылу энергиясын есептеу аспаптары бар тұрғындар тобына жататын жеке тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 296,60 теңгеден 3 866,94 теңгеге дейін;

- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты үй-жайларда, барак типтес үйлерде тұратын тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау тарифі ҚҚС-сыз 1 Гкал үшін 4 883,74 теңгеден 4 395,37 теңгеге дейін;

- жылу беру кезеңінде ыстық сумен жабдықтау қызметтеріне тариф жеке тұлғалар үшін ыстық суды есептегіш құралдарынсыз норма бойынша 1 адамға ҚҚС-сыз 1 305,16 теңгеден 1 175,19 теңгеге дейін;

- жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтау қызметтеріне тариф жеке тұлғалар үшін ыстық суды есептегіш құралдарынсыз норма бойынша 1 адамға ҚҚС-сыз 1 080,55 теңгеден 973,05 теңгеге дейін;

- жылу беру кезеңінде ыстық сумен қамтамасыз ету қызметіне, ыстық суды есептейтін жеке құралдары болған жағдайда ҚҚС-сыз 1м3 үшін 379,76 теңгеден 341,59 теңгеге дейін;

- жылуаралық кезеңде ыстық сумен жабдықтау қызметіне, ыстық суды есептейтін жеке аспаптары бар болғанда ҚҚС-сыз 1м3 үшін 350,05 теңгеден 315,22 теңгеге дейін;

- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты үй-жайларда, барак типтес үйлерде тұратын тұтынушылар үшін жылу беру кезеңінде ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін 1 адамға норма бойынша ҚҚС-сыз 1 117,99 теңгеден 1 006,74 теңгеге дейін;

- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты үй-жайларда, барак типтес үйлерде тұратын тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметіне тариф жеке тұлғалар үшін 1 адамға норма бойынша ҚҚС-сыз 930,60 теңгеден 839,09 теңгеге дейін төмендетілді;

- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты үй-жайларда, барак типтес үйлерде тұратын тұтынушылар үшін жылыту кезеңінде ыстық сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-сыз 1м3 үшін 325,64 теңгеден 293,25 теңгеге дейін;

- жылу энергиясын есептеудің үйге ортақ құралдарын орнатуға техникалық мүмкіндігі жоқ ескі, апатты үй-жайларда, барак типтес үйлерде тұратын тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-сыз 1 м3 үшін 301,22 теңгеден 271,27 теңгеге дейін.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны