18.07.2022, 16:41 14026

Алматыда ірі көтерме сауда базары мемлекеттік меншікке қайтарылады

Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы ("Барыс–4") олигополиялардың бірінің үлесінің құны 5 есе төмен бағамен өткізілгені анықталды.
Алматыда ірі көтерме сауда базары мемлекеттік меншікке қайтарылады
Сурет: 2gis.kz
АЛМАТЫ. 18 ШІЛДЕ - Алматыдағы "Барыс" базары мемлекеттік меншікке қайтарылады, бұл туралы Экономикалық ресурстарды заңсыз шоғырландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматыда ірі көтерме сауда базарындағы ("Барыс–4") олигополиялардың бірінің үлесінің құны 5 есе төмен бағамен (нарық бойынша - 1,5 млрд, 307 млн теңгеге сатылды) өткізілгені анықталды. Ағымдағы жылғы шілдеде мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап қою енгізілді.
 

2019 жылы "Салтанат үйі" ЖШС-ның атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша объектінің өткізілгені анықталды, ал объектінің нарықтық құны 3 млрд теңгені құрайды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2022 жылғы 28 маусымда сатып алушы бұрын сатып алынған ғимарат үшін 2 млрд 400 млн теңге қосымша төлем жасады", - деп хабарлады комиссия.

 
Сонымен қатар, Ақмола облысындағы тексеру нәтижелері бойынша, Целиноград ауданындағы 249 пайшының жер телімдерін негізсіз иемденген "Шаңырақ Агро" ЖШС-ға жер учаскесін беру жөніндегі конкурс қорытындыларын жою туралы сотқа талап қою берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны