Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді
Алматы. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасы бекітілді.
Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.
- Бізде 64 түрлі азық-түлік өнімдері бар, оның 19-ы әлеуметтік маңызы бар тағам түрлеріне жатады. Соның ішіндегі 9 түрлі азық-түлік өніміне шекті бағалар қойылып отыр.
Атап айтар болсам, бірінші сортты бидай ұны - 211 тг/кг, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді) - 80-теңгеге дейін, рожки (өлшеніп салынатын) - 209 тг/кг, қарақұмық жармасы - 339 тг/кг, күріш - 310 тг/кг, сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) - 2169 тг/кг, тауық жұмыртқасы (I санатты) - 367 тг/10 данасы, күнбағыс майы - 434 тг/литр және ас тұзына - 59 теңге деп баға қойылған.
Айта кету керек, Оны ҚР Сауда және интеграция, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрліктері еліміздегі төтенше жағдай кезінде "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы" бірлескен бұйрыққа қол қою арқылы жүзеге асырып отыр", - деді Е.Оразалин.
Спикердің айтуынша, жоғарыда аталған тауар түрлері соңғы айда қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына деген сұранысын талдау нәтижесінде анықталған. Яғни, осы тауар түрлері көп сатылғандықтан да, жыл басынан бастап бұлардың бағасы өскен. Дегенмен, енді жоғарыда аталған тауарлардың бағасын өсіргендер анықталса, оларға 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл түрінде жаза белгіленеді.
"Қазіргі уақытта Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінде күн сайын сауда нүктелерін аралап шығатын комиссиялар мен мобильдік топтар құрылды. Біз ірі сауда нысандарын аралап, оларға шекті баға белгіленген 9 өнім бойынша бағаның тұрақты болуына ескерту жасадық. Егер негізсіз бағаның өскенін байқап, қандай да бір тәртіп бұзушылық анықталатын болса, мобильді топ баянат (рапорт) жазып, фото және бейне-есеп жасайды. Содан кейін бұл материалдар комиссияның қарауына жіберілетін болады. Заң бұзушылық орын алса екі түрлі бағытта жазалануы мүмкін, біріншісі, 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл төлейді, екіншісі, бұл берешекті бір апта және жазбаша келісім ішінде өтеген жағдайда айыппұлды 50 АЕК-ке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Әйтпесе, қаулы сотқа жіберіледі", - деп атап өтті спикер.
"Алматы қаласы бойынша барлық 9 атау бойынша ірі базардан бастап үйдің жанындағы дүкендерге дейін сатушыларға жоғарыда көрсетілген тарифтерден бағаны асыруға рұқсат берілмейді. Себебі, қаламыздағы барлық дүкендерде азық-түлік жеткілікті мөлшерде. Сондықтан, бізде азық-түлікке деген тапшылық жоқ", - деді Еркебұлан Оразалин.
Осылайша, бүгінгі күні Алматыда әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бөлшек бағалары:
бірінші сортты бидай ұны, 1 кг - 211 теңге;
бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан (формовой), 1 кг - 146 теңге;
рожки (өлшеніп салынған), 1 кг - 209 теңге;
қарақұмық жармасы (ядрица, таразы), 1 кг - 339 теңге;
күріш, 1 кг - 310 теңге;
сиыр еті ( сүйектері бар жауырын-кеуде бөлігі), 1 кг - 2169 теңге;
тауық жұмыртқасы (I санат) он данасы - 367 теңге;
күнбағыс майы, 1 кг - 434;
ас тұзы ("Экстрадан" басқа), 1 кг - 59 теңге болып бекітілді.
Еркебұлан Оразалин, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағалары карантин кезеңінде енгізілгенін атап өтті.
Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Қазақстан мен Солтүстік Македония инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті - 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік", - деді ҚМГ басшысы.
Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды
Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен "жасыл экономикаға" көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі - қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы - ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану - өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама - экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания "Energy China" басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім - үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін", - деді Нұралхан Көшеров.
China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді
Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді", - деді Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Соңғы 25 жылда электр энергиясын тұтыну 2,5 есеге өсті: Үкімет Президент тапсырмасы бойынша жаңа қуат көздерін іске қосуда
Үдеріс бір орында тұрмайды. Бүгінде елімізде екі суперкомпьютер жұмыс істейді - AlemAI және AI Farabium. Жасанды интеллект, суперкомпьютерлер дамуы, деректер орталықтарының құрылысы және өнеркәсіптік өндірістің өсуі нәтижесінде электр энергиясын тұтыну көлемі сөзсіз артады.
Бұл жобалардың барлығы ұлттық энергия жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Яғни, Қазақстанның мақсаты - 2035 жылға қарай электр энергиясын өндіруді екі есеге арттыру", - деп қорытындылады сөзін Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 12%-ға ұлғайды
Мұнай-газ химиясындағы өнім өндірісінің көлемі 12%-ға өсті. Қазақстан терең өңделген полипропилен, бензол және параксилол сынды өнімдерді сыртқы нарықтарға жүйелі түрде жеткізуді бастады", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі зауыттарды жаңғырту есебінен 40 млн тоннаға жетпек
Биыл мұнай өңдеу саласын 2040 жылға дейін дамытуға арналған ұзақмерзімді өндірістік бағдарлар бекітілді. Олар қуаттарды ұлғайту, өнім сапасын арттыру және ғылыми-технологиялық шешімдерді енгізу қағидаттарына негізделген. Негізгі мақсатты көрсеткіш - қолданыстағы мұнай өңдеу зауыттарын кеңейту және қуаттылығы жылына 10 миллион тоннаға дейінгі жаңа мұнай өңдеу зауытын салу жобасын іске асыру арқылы мұнай өңдеу көлемін 18 миллион тоннадан 39 миллион тоннаға дейін арттыру", - деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.12.2025, 12:18Қазақстанның барлық қалаларында жаңа жылдық шыршалар жағылды
15.12.2025, 22:01 182701Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 182401Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 182151Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 176506Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты17.12.2025, 11:28 146521Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыкалық аспаптар музейінің коллекциясына енді
10.12.2025, 17:08 183851Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады15.12.2025, 22:01 182701Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді15.12.2025, 23:10 182401Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 23:30 182151Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 20:37 176506Қазақстандық делегация "Ертіс: достық өзені - даму өзені" халықаралық форумына қатысты

