27.07.2022, 15:37 7491

Алматыда Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі

Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.
Алматыда Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған тұрғын үй кешені сүріледі
Сурет: Алматы әкімдігі
АЛМАТЫ. 27 ШІЛДЕ - Алматыда Наурызбай ауданындағы заңсыз салынған "Жайсан" тұрғын үй кешені сүріледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Наурызбай ауданы Ақжар шағын ауданындағы "Жайсан" тұрғын үй кешені заңсыз салынып жатыр.
 

Бұған дейін нысанда тексеру жүргізіліп, тапсырыс беруші ҚР ӘБтК-нің 316 бабы 1-бөлігі, 321 бабы, 463 бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Басқарма Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арыз жолдады. Бүгінде талап арыздар қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енеді деп күтілуде", - делінген хабарламада.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны