09.04.2025, 20:45 77756
Алматыда қытайлық компанияның қатысуымен қоқыс өңдеу зауыты салынады
Достарға айту
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдың жетекші Shanghai SUS Environment Co., Ltd. Компаниясының президенті Лонг Цзишэнменн кездесті, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Shanghai SU Environment Co., Ltd. - экология және энергетика саласындағы кешенді қызметтердің әлемдік басты жеткізушісі, қалдықтарды энергияға қайта өңдеу саласында (Waste-to-Energy) Қытайдағы нарық үлесінің 40% - ын қамтиды. Бүгінгі таңда компания бүкіл әлем бойынша жалпы өңдеу қуаты тәулігіне 110 мың тонна, жыл сайын 18 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндірумен және 2,65 млн шаршы метрге дейінгі аумақты жылытуды қамтамасыз етумен 84 жобаны іске асырды. Генерация тиімділігі 26%-ды құрайды, бұл ең жақсы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
SUS Environment зауыттарының айрықша ерекшелігі экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттары болып табылады. Компанияның кәсіпорындары зиянды шығарындыларды бақылауды қамтамасыз ететін көп сатылы сүзгісі бар түтін газдарын тазартудың озық жүйелерімен жарақтандырылады. Нысандардың айналасында екпелер, көгалдар мен ағаштар бар жасыл аймақтар құрылып, толыққанды эко-индустриалды парк құрады, бұл көршілес аудандардың тұрғындары үшін ыңғайсыздық деңгейін төмендетеді және қолайлы экологиялық ортаны қалыптастырады.
Кездесу барысында Алматыда 270 млн.АҚШ доллары сомасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қазіргі заманғы қоқыс өңдеу зауытын салу мәселелері талқыланды. Зауыт тәулігіне 2000 тоннаға дейін қалдықтарды 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндірумен қайта өңдейтін болады, бұл Алматының ҚТҚ кәдеге жарату қажеттілігін жабады және 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылысты 2025 жылдың күзінде бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметімен инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі пысықталуда.
Жобаның Бас мердігері ретінде әлемнің 110 елінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәжірибесі бар China Railway Construction Corporation (CRCC) мемлекеттік корпорациясының еншілес құрылымы - China Civil Engineering Construction Corporation анықталды. Құрылысқа сонымен қатар SUS Environment компаниясының жеке зауыттарында өндірілетін жабдықтар, соның ішінде торлы решеткалар және басқа да негізгі компоненттер қатысады.
Алматыда зауыт салу жөніндегі жобаны іске асырудан басқа, SUS Environment компаниясы кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік оқу орталығын құру жөнінде бастама көтерді. Орталық экологиялық құзыреттерді дамытуға және озық технологияларды өңірге беруге жәрдемдесе отырып, Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Моңғолиядан, Ираннан және Ауғанстаннан жас мамандарды оқытуға бағдарланатын болады.
Жоба Алматының Шанхаймен стратегиялық әріптестігі аясында жүзеге асырылуда. Жаңа зауыт бүкіл Орталық Азияда электр энергиясын өндірумен қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату саласында флагманға айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
03.03.2026, 20:52 231
346 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат және 1,2 млн кәсіпкер арнайы режимді таңдады
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің жетінші отырысында салық режимдерін таңдау бойынша деректер жарияланды. Кәсіпкерлер осы жылдың 1 наурызына дейін салық режимін таңдауға тиіс болатын, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимді 346 мың адам таңдаған, оның ішінде 265 мыңы - көлеңкелі айналымнан шыққан жаңа қатысушылар. Еске салсақ, салық реформасының негізгі мақсатының бірі - еңбек нарығын заңдастыру және заңды түрде жұмыс істеу үшін қарапайым, түсінікті әрі қолжетімді жағдай жасау. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы режимнің басты артықшылығы, табысқа салық салынбайды және жеке кәсіпкер ретінде тіркелу міндетті емес. Бұл бұрын тіркеусіз жұмыс істеген азаматтардың заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы режимді 1,2 млн кәсіпкер таңдады.
Жалпыға ортақ пайдалы қазбалар бойынша пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС)
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес, жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС түсімдері өндіру орны бойынша жергілікті бюджеттерге есептелуі тиіс.
Сонымен қатар Салық кодексінің нормаларына сәйкес жалпыға ортақ пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық бойынша ПҚӨС жер қойнауын пайдаланушының орналасқан жері бойынша төленеді.
Бюджет және Салық кодекстерінің нормаларын үйлестіру қажеттілігіне байланысты тиісті өзгерістерді Салық кодексіне енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл өзгерістер қабылданғанға дейін 2025 жылғы IV тоқсан бойынша түсімдер жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жерге (республикалық бюджетке) есептеледі. Ал 2026 жылғы міндеттемелерден бастап, өндіру орны бойынша (жергілікті бюджетке) бағытталады.
Корпоративтік табыс салығы (КТС) және табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражаты
Отырыста табиғи монополиялар субъектілерінің нысаналы қаражатына КТС салу мәселесі де қаралды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тариф құрамына енгізілген пайда мен амортизация нысаналы сипатқа ие және тек инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыруға - инфрақұрылымды салу, жаңғырту және қайта құруға бағытталады. Бұл қаражат еркін пайда болып саналмайды.
Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2025-2029 жылдары желілерді жаңарту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа объектілер пайдалануға берілген кезде негізгі құралдардың құны мен амортизация көлемі артады. Бұл өз кезегінде КТС бойынша салық базасының ұлғаюына әкеледі.
Сонымен бірге КТС төлеуге арналған шығындар тарифте көзделмеген және өтелмейді. Бұл кәсіпорындарға қосымша қаржылық жүктеме түсіріп, олардың жаңғырту жобаларына қатысуын шектеуі мүмкін.
Осыған байланысты инвестициялық бағдарламалардың нысаналы қаражатына КТС салуға жол бермеу жөнінде бірыңғай тәсіл қалыптастырып, тиісті түсіндірме беру ұсынылды. Бұл инфрақұрылымды жаңартуды тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуге және тұтынушыларға түсетін жүктеменің өсуіне жол бермеуге арналған.
Сондай-ақ отырыста тау-кен металлургия саласы кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерге салық нормаларын қолдануға қатысты мәселелер қаралды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 20:16 4501
Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-қа қатысты
Достарға айту
Жобалық кеңсенің Салық Кодексін енгізу мәселесі жөніндегі отырысының бірінде Салық кодексінің 2-тармағының 7) тармақшасына және 484-бабының 5-тармағына сәйкес, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесі болып табылатын өнім бойынша есепке жатқызылатын ҚҚС-ты 80 пайызға түзету мәселесі көтерілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ұлттық экономика министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 Заңының ережелерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу нәтижесі болып табылатын өнім экспортталған жағдайда аталған түзету қолданылмайтынын хабарлайды.
Мысалы, ұнды экспорттау кезінде ҚҚС-ты қайтару, ұн өңделген өнімге жататындықтан, салық заңнамасының талабын сақтай отырып, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен толық көлемде жүзеге асырылады.
Осылайша, жаңа Салық кодексінің ережесі бойынша қайта өңдеу өніміне салық салудың бұрын қолданылған тәртібі сақталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 19:14 4716
Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында химия өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі штабтың кезекті отырысында химия өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Негізгі кәсіпорындардағы болжамдар мен салымдар туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. 2025 жылғы қорытынды бойынша салада 9,8% өсім бар. Өндіріс көлемі - 1,5 трлн теңге. Бұл 2024 жылғы деңгейден 41%-ға жоғары (1,1 трлн теңге). Өңдеу секторындағы химия өнеркәсібінің үлесі бір жыл бұрынғы 4,6%-ға қарағанда 5,2%-ға өскен. Жалпы, соңғы бес жылда сала тұрақты оң динамиканы көрсетіп отыр.
Кәсіпорындардың болжамына сәйкес, 2026 жыл соңында өнімнің барлық негізгі түрлері бойынша өсім болуы мүмкін, мәселен: аммофос - +3,8%, селитра - +8,2%, сары фосфор - +6,7%, полипропилен - +25,2%, күкірт қышқылы - +20,1%, натрий цианиді - +70,5%, хром оксиді - +0,6% , каустикалық сода - +10,4%.
Жаңа өндірістердің іске қосылуы да саладағы динамикаға үлес қосады.
Биыл "Еврохим" ЖШС-нің жаңа күкірт қышқылы зауыты қосымша 800 мың тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге мүмкіндік бермек. Екінші жартыжылдықта Жамбыл мен Түркістан облыстарында натрий цианидін өндірудің екінші кезеңін, сондай-ақ сутегі асқын тотығы мен натрий персульфатын өндірудің жаңа қуатын іске қосу жоспарлануда.
Саладағы оң динамиканы сақтау үшін жүйелік мәселелерді шешу қажет. Вице-министр Олжас Сапарбековтың айтуынша, техникалық күкіртке деген жоғары сұранысқа орай ішкі нарықты барынша қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті баға қалыптастыру тетігін әзірлеу үшін Энергетика министрлігімен және ҚазМұнайГазбен бірлесіп жұмыс істеу талабы туындап отыр. Жыл сайын шамамен 4 млн тонна күкірт өндіріледі десек, оның 10%-ы (400 мың тоннасы) ішкі тұтынуға кетеді. Ал 2030 жылға қарай кейбір кәсіпорынның қажеттілігі 2 млн тоннаға жетуі мүмкін. Бұл өндірісті кеңейту мен саланы дамытуға жаңа мүмкіндік береді.
Талқылауға Каустик, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК, ҚазАзот және Қазфосфат компанияларының өкілдері қатысып, саланы дамытудағы өзекті мәселелерді атап өтті.
Мәселен, Қазфосфат инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, 2029 жылға қарай тыңайтқыш шығаруды екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Осы жоспар шеңберінде Тараз қаласында қуаты 800 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауыты салынуда. Жаңатас қаласындағы химиялық кешенде 800 мың тоннадан екі цех құру көзделген. Өсуді қамтамасыз ету үшін шикізат базасын нығайту қажеттігі атап өтілді.
Бизнес өкілдері көтерген тақырыптардың ішінде электр энергиясы бағасын белгілеудің ашықтығы, өйткені, олардың нақты құны бір-екі айдан кейін ғана белгілі болады, сондай-ақ жаңа өндірісті іске қосуды күрделендіре түсетін прекурсорлар айналымын лицензиялаудағы қиындықтар бар.
Вице-премьер кеңес соңында бейінді мемлекеттік органдарға бизнес көтерген мәселелерді пысықтауды, соның ішінде кәсіпорындарға өндірісті жоспарлау үшін тарифті тәуліктің қараңғы және жарық уақыттары бойынша саралау мүмкіндігін беруді, ішкі нарықты күкіртпен қамтамасыз етуде бәсекелес бағамен артықшылық беру тетігін әзірлеуді, толлингтік операциялар бойынша түзетулер енгізуді жеделдетуді және ұлттық режимнен алып тастау нормасын ұзарту жөнінде ұсыныс дайындауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 18:09 4921
Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевпен шекара маңындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Евгений Солнцевті қабылдады. Кездесу барысында сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистикалық инфрақұрылым саласындағы өңіраралық өзара іс-қимылдың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде шекара маңы ынтымақтастығының рөлі атап өтілді. Орынбор облысы - Қазақстанның маңызды серіктесі және елеулі көлік-логистикалық торабы. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан өңірлерінің Орынбор облысымен тауар айналымы 2024 жылмен салыстырғанда 11,2%-ға ұлғайып, $627 млн-ды құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 16:47 8496
Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде - Олжас Бектенов егіс науқанын 1 трлн теңгеге қаржыландыру туралы
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысы қойған міндеттер ескеріле отырып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Онда ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ астық егетін негізгі облыстардың басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр биылғы 10 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент берген тапсырмалар аясында аграрлық маусымды сапалы өткізу үшін барлық қажетті жағдайлар қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру көлемін былтырғыдай 1 трлн теңге деңгейінде қалдырдық. Оның ішінде техниканы лизингке алуға 300 млрд теңге қаралған. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында үшінші жыл қатарынан қомақты қаражат бөлінуде. Фермерлер үшін жеңілдетілген бағамен 402 мың тонна жанармай бөлу көзделіп отыр", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Энергетика министрлігінің көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының шекті жеңілдікті бағасын уақтылы бекіту қажеттігі атап өтілді. Ведомствоға сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдіктерімен бірлесіп, арзандатылған отынның тиісті көлемде жеткізілуін қатаң бақылауға алу тапсырылды. Әкімдіктер бір апта ішінде өңірлік операторлар туралы толық және өзекті мәліметтерді ұсынуы қажет. Бөлінген жанар-жағармайдың талан-таражға түсуіне жол берген тұлғаларға қатысты құқық қорғау органдары барынша қатаң шаралар қабылдауы керек.
Мемлекетік қолдаудың тиімділігіне ерекше назар аударылды, қолдау жауапкершілігі жоғары әрі жұмысына адал диқандарға ғана көрсетілуге тиіс.
Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмысын биыл да жалғастыру қажет. Көбірек табыс әкелетін, әсіресе экспортқа шығатын және нарықта жоғары сұранысқа ие дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге ерекше назар аудару керек.
Егін егу кезінде агротехнология талаптарын қатаң сақтап, тыңайтқыштарды уақтылы себу және өсімдіктерді зиянкестерден қорғау құралдарын қолдану қажет - бұл шаралар болашақ егіннің сапасы мен тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі факторлары болмақ.
Биыл тыңайтқыштарды себу жоспары ғылыми негізі бар норманың 73%-нан астамын немесе 2,3 млн тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы және Өнеркәсіп министрліктері егіншілерді қажетті көлемде сапалы әрі қолжетімді тыңайтқыштармен қамтамасыз етуі қажет. Бұл ретте өзіміздің отандық өндірістің тыңайтқыштарына басымдық берілуге тиіс.
Өзекті мәселенің бірі - ауыл шаруашылығы техникасының әзірлігі. Ол бүгінге шамамен 80%-ды құрайды. Жаппай егіс жұмыстары басталғанша бұл көрсеткішті 100%-ға дейін жеткізу тапсырылды.
Әкімдіктер цифрлық технологияларды барынша пайдалана отырып, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуі қажет, сондай-ақ озық ғылыми тәсілдерді қолдана отырып, шаруалардың құрғақшылыққа төзімді технологияларға көшуі бойынша жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстарын жалғастыруы қажет.
Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді:
- Несие алу үшін қажетті анықтамаларды қағаз түрінде тапсырмай, цифрлы нұсқаға көшу.
Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігіне Цифрлық даму министрлігмен және "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, диқандарға тиімді әрі ашық мемлекеттік қолдау көрсету үшін жеңілдетілген несие берудің техникалық рәсімін оңайлатып, оны цифрлық форматқа ауыстыруды тапсырды. - Арзандатылған отынның жеткізілуін бақылау.
Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктері арзандатылған отынның тиісті көлемде жеткізілуін қатаң бақылауға алсын. Әкімдіктер бір апта ішінде өңірлік операторлар туралы толық және өзекті мәліметтерді ұсынсын. Бөлінген жанар-жағармайдың талан-таражға түсуіне жол берген тұлғаларға қатысты құқық қорғау органдары барынша қатаң шаралар қабылдауы қажет. - Вегетациялық кезеңде егінге қажетті сумен үздіксіз қамтамасыз ету.
Диқандарды тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесіне көшуге ынталандырып, су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстарын күшейту керек. Солтүстік және шығыс өңірлердің әкімдіктері қар тоқтату және су қорын жинау шараларын жүргізуі қажет. - Ауа-райының өзгеруіне жедел ден қою.
Экология министрлігіне егін егу мерзімдерін алдын ала жоспарлау және ауа-райының өзгеруіне жедел ден қойып, шаруаларға метеорологиялық болжамдарды уақтылы беру туралы тапсырма берілді. - АӨК өнімінің көлемін ұлғайту бойынша индикаторларды орындау.
Облыс әкімдіктеріне егін егу жұмыстарын жүргізу барысында агроөнеркәсіп кешенінің жалпы өнім көлемін екі есеге ұлғайту бойынша индикаторларға қол жеткізуді және орындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңір әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарының уақтылы жүргізілуін ерекше бақылауда ұстауды тапсырамын", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жалпы үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
24.02.2026, 09:18 17546
Үкімет Каспийді зерттеуге және сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Президенттің Каспийді кешенді зерделеу және сақтау, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет резервінен "Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ға 1,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен
Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін жақсартуға ықпал етеді. Қаражатқа теңізде мониторинг жүргізу үшін негізгі жабдықтарды сатып алу және гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру жоспарлануда, бұл теңіздің қазақстандық секторында болып жатқан процестер туралы өзінің ғылыми-негізделген базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда ҒЗИ тиімді шараларды әзірлеу үшін халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграциялануда, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірді.
Осы қаулыны жүзеге асыру үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігіне барлық қажетті шараларды қабылдау, Қаржы министрлігіне бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына қатаң бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 10:41 18336
Шымкентте фармацевтикалық өндірісті кеңейту үшін 39,5 млрд теңге жеке инвестициялар бағытталады
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен "Химфарм" АҚ арасында "Халықты неғұрлым қолжетімді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының фармацевтика индустриясындағы отандық дәрі-дәрмек өндірісінің үлесін ұлғайту" жобасы бойынша жасалған Инвестициялар туралы келісімді мақұлдады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды.
Жоба қазақстандық тауар өндірушілердің үлесін арттыруға, елдің дәрілік қауіпсіздігін нығайтуға және инвестицияларды тартуға бағытталған.
Келісім Шымкент қаласындағы Polpharma Santo компаниясында 300 жаңа жұмыс орнын аша отырып, ірі инвестициялық жобаның жаңа кезеңінің басталуына жол ашты. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған қаражатты қоса алғанда 39,5 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндірістің бірінші кезеңін іске қосу 2029 жылдың соңына жоспарланып отыр.
Жаңа өндірістік қуаттар онкологиялық, жүрек-қан тамыр, инфекциялық және созылмалы ауруларды, соның ішінде туберкулезді емдеуге арналған 38 түрлі дәрілік затты шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді.
Жоба мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, саланың тұрақты технологиялық базасын қалыптастырады, халық үшін дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуға бағытталған.
Жалпы алғанда, фармацевтикалық өнімдер өндірісі саласында 316,3 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық келісім жасалды, бұл саланың кезең-кезеңімен дамып келе жатқанын, инвестициялық тартымдылығының артуын, өндірісті локализациялау үшін орнықты базаның қалыптасуын және елдің дәрілік қауіпсіздігінің нығаюын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
23.02.2026, 09:34 18411
Үкімет өңірлердегі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын талқылады
Достарға айту
Өткен сенбіде Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринның төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Ақпан айының басынан бері бағаның орташа өсу индексі 0,5%-ды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе төмен (1%).
Мемлекет басшысының инфляцияны тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында апта сайынғы кеңесте бағаның ең жоғары өсімі тіркелген өңірлердегі жағдайды мақсатты түрде қарау туралы шешім қабылданды. Жыл басынан бері мұндай өңірлер қатарында Маңғыстау облысы (ӘМАТ бойынша өсім - 2%) және Түркістан облысы (1,4%) аталып келеді.
Маңғыстау облысында бағаның ең жоғары өсімі қызанақ, сиыр еті, айран, сары май, картоп және басқа да бірқатар өнімдер бойынша тіркелді.
Өңірде ірі сүт өнімдерін өндіретін, ет өңдейтін, ұн және нан шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейтіні сөз болды. Алайда өңірде көкөніс өндіретін кәсіпорындар жоқ. Баға өсімінің негізгі факторлары - күрделі логистика, азық-түлік өнімдерінің жергілікті жерде жеткіліксіз көлемде өндірілетіні және импортқа деген жоғары тәуелділік. Сонымен қатар көкөністі тұрақтандыру қорлары арқылы сату жұмыстары тиісті қарқында жүргізілмей отыр.
Вице-премьер өңірдің негізгі өндірушілері жол беріп отырған баға өсімінің себептеріне егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, Сауда комитетіне және "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясымен бірлесіп тұрақтандыру шараларын әзірлеуді тапсырды.
Түркістан облысында бағаның орташа өсу индексі Маңғыстау облысымен салыстырғанда төмен. Өңірде тауық жұмыртқасын, сүт өнімдерін, көкөніс пен ет өндіретін ірі кәсіпорындар жұмыс істейді.
Кеңес барысында құс еті мен жұмыртқа өндірушілерге жемге арналған арзандатылған ұн қажеттігі айтылды. Бұл өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, бағаны тұрақтандыруға мүмкіндік береді.
Вице-премьер "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясына өңірді қажетті көлемде төмендетілген бағада астықпен қамтамасыз етуді тапсырды.
Апта сайын біз баға өсімі тіркелген өңірлерді мақсатты түрде қараймыз. Сауда комитеті жеткізу арналары мен әрбір әлеуметтік өнімді сату кезеңіне дейінгі бүкіл тізбекті жедел талдап, қымбаттаудың қай кезеңде туындайтынын және орталық деңгейде қандай шаралар қажет екенін анықтауы тиіс. Өңірлер баға өсімінің себептерін жедел анықтап, тиісті шешімдер қабылдауға міндетті", - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер барлық өңірлерге наурыз айының соңына дейін тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорын толық өткізуді, ал Сауда және интеграция министрлігіне наурыз айының екінші жартысынан бастап ерте пісетін көкөністердің жеткізілуін қамтамасы
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.03.2026, 02:33Қазақстан СІМ-де Аргентина Елшісінің сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады 04.03.2026, 10:54 2761Босния және Герцеговина Елшісі сенім грамотасының көшірмесін табыстады04.03.2026, 09:10 2356Газ саласында 25 жаңа перспективалы учаске геологиялық барлауға енгізіледі04.03.2026, 11:34 18366 760 мектеп мектептегі тамақтануды "Әлеуметтік әмиян" арқылы цифрлық есепке алуға көшті04.03.2026, 12:28 146Алматыда түзеу орталығының қызметкері қамауға алынды
26.02.2026, 22:48 227766Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 17:47 227751Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 23:04 227741Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 18:49 227741Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:25 227731Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде
26.02.2026, 22:48 227766Қазақстан Сыртқы істер министрі "Орталық Азия - Ұлыбритания" форматындағы сыртқы саяси ведомстволар басшыларының кездесуіне қатысты26.02.2026, 17:47 227751Загребте жаңа Конституция жобасы таныстырылды26.02.2026, 23:04 227741Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын растады26.02.2026, 18:49 227741Қазақстан БҰҰ Туризм ұйымымен бірге өңірлік туристік хаб ретіндегі рөлін нығайтуда26.02.2026, 23:25 227731Қазақстан мен Ұлыбритания басым салаларда экономикалық серіктестікті тереңдетуде

