21.04.2023, 11:28 27546
Алматының үш жылдық бюджеті 265 млрд теңгеге ұлғайтылды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады
Алматы. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы қаласы мәслихатының депутаттары мегаполистің үш жылға арналған нақтыланған бюджетін бекітті.
Ерболат Досаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында 2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматыны дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптасқанын атап өтті.
Осы жылдың І-ші тоқсанында экономиканың қарқынды дамуы бюджетті нақтылауға негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 23,9%-ке өсті. Сауда (+29,4%), өңдеу өнеркәсібі (+24,5%), көлік (+21,8%) салалары экономика өсімінің драйверлері болды. Экономиканың дами түсуі мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерді 32,1%-ке арттырды (барлығы 1 241,1 млрд теңге салық және міндетті төлемдер (132,1%), оның ішінде республикалық бюджет - 941,8 млрд теңге (139,3%), жергілікті бюджет - 299,3 млрд теңге (133,5%). Сіздерге бюджетті нақтылауға ұсынылған 265,4 млрд. теңге осы жылдың І-ші тоқсанындағы қосымша кірісті қалыптастыру, бюджет қаражатын іштей қайта бөлу және өткен жылдың бос қалдықтары есебінен жүргізілуде", - деді қала әкімі.
Айтуынша, қосымша қаражат негізінен көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын модернизациялауға, әлеуметтік қамтуға, білім беру мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталатын болады.
Сонымен қатар Ерболат Досаев әкімдіктің бастамасымен және Мемлекет басшысының қолдауының арқасында 1 сәуірден бастап аудандық әкімдіктерге қалалық деңгейден қосымша 15 функция берілгенін тілге тиек етті. Осы орайда, өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде және ағымдағы нақтылауды ескере отырып, 8 аудандық әкімдіктің 2023 жылға арналған бюджеттері 60,4-тен 164,5 млрд теңгеге дейін 2,7 есе көбейеді. Бұдан басқа аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайды, оның ішінде жаңасы - 56, 96-ы қалалық басқармалардан берілді.
Осы шаралардың арқасында аудан әкімдіктерінде жаңа мүмкіндіктер мен қосымша қаржы ресурстары пайда болады, шешімдер қабылдау жылдамдығы мен сапасы жақсарады әрі аудан әкімдерінің халық алдындағы жауапкершілігі артады", - деді Ерболат Досаев.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
17.07.2025, 14:06 16636
Жартыжылдықта азық-түлік өндірісі 10%-ға өсті
2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 1,8 трлн теңге
Достарға айту
Тамақ пен сусын өндірісінің өңдеу өнеркәсібінің құрылымында алатын орны 17,2%. Бұл ретте тек металлургия мен машина жасау ғана алда тұр. Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында саланың қазіргі ахуалы мен өсу қарқынын жеделдету шарасы қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
2025 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша тамақ өнімін өндіру көлемі 1,8 трлн теңге. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 10%-ға, белгіленген жоспардан 5,3 пайыздық тармаққа артық.
Өсім ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге (ет, сүт, қызылша және т.б.), сары май мен ірімшік өндіру үшін шикізат сатып алуға, ҚҚС мөлшерлемесін 70%-ға төмендетуге, айналым қаражатын 5%-ға толықтыруға жеңілдікпен несие беруге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шарасы есебінен қамтамасыз етілді. Өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары өсім көрсеткендер:
• сары май - +10,4%,
• шұжық өнімдері - +10,8%,
• өсімдік майы - +20,3%,
• балық өнімдері - +34,4%.
Маусымдық себептерге байланысты жарма өндірісінің төмендеуі байқалады. Кейбір өңірде кондитерлік өнім, консерві, ірімшік пен сүзбе шығару көлемі қысқарған. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов түсіндіргендей, бұл негізінен шикізатты жеткізудегі үзіліс пен жеткізу нарығындағы шектеуге байланысты.
Жарты жыл ішіндегі сусын өндірісі 566,7 млрд теңге болды. Нақты көлем индексі 5%-ға өскен. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 3,7 пайыздық тармаққа жоғары. Алкогольсіз сусын өндірісінің 9,8%-ға өскеніне қарамастан оның өндірісінің төмендеуі тіркелді.
Үкіметтің өткен отырысында әрбір сала министрі өздеріне қарасты кәсіпорынының экономикасымен айналысуы тиіс екенін айтқан болатынмын. Саладағы барлық кәсіпорынды бүге-шігесіне дейін зерделеп, олардың өсіміне кедергі келтіретін жайттарды жедел жоюы керек. Сауда және интеграция министрлігіне өңірлердегі өткізу нарығындағы жағдайды талдап, қажет болса, жеткізу қызметін басқа өңірлер арасында қайта бөлуді тапсырамын. Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір ірі кәсіпорынның үлесін ескере отырып, азық-түлік өндіру жөніндегі жол картасын толықтырсын. Бәйтерек пен Аграрлық несие корпорациясы азық-түлік өндірісіне салынатын инвестицияға берілетін тапсырыс бойынша жұмысты жандандырсын", - деді Серік Жұманғарин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
17.07.2025, 13:08 17271
Машина жасау саласы жарты жыл ішінде 11,1% өсім көрсетті
Достарға айту
2025 жылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласы 11,1% экономикалық өсім көрсетті. 16 шілдеде вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы сектордың қарқынын одан әрі жеделдетудің және қосымша әлеуетін ашудың мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға арналды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Машина жасау өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторының бірі ретінде оның жалпы көлемінің 19%-ын қамтамасыз етеді. Өсудің негізгі драйверлері: автомобиль (+12,1%), теміржол және басқа да көлік құралдары (+7,1%), ауыл шаруашылығы техникасы (+1,3%), электротехника (+21,5%), компьютер, электрондық және оптикалық жабдық (өсім 1,7 есе) өндірісі, сондай-ақ машина және жабдық жөндеу мен орнату (+12%).
Автомобиль жасау машина жасау көлемінің шамамен 41%-ын береді. Бүгінде елімізде JAC, Chevrolet, KIA, Lada, Jetour, Hongqi, Skoda, Hyundai және Genesis брендтерін шығаратын екі автозауыт жұмыс істейді.
Биыл Қазақстанда тағы екі жаңа кәсіпорын - Алматыдағы мультибренд зауыты мен Қостанайдағы KIA зауыты іске қосылады. Алматыда CHANGAN, Haval және CHERY сияқты брендтердің автомобильдерін шығару жоспарлануда.
Жаңа қуаттарды пайдалануға берудің арқасында елімізде шағын тораптық технология бойынша жиналатын автомобиль өндірісінің көлемі едәуір артады. Бұл модельдер қатарын көбейтуге және отандық автоөнеркәсіптің позициясын нығайтуға мүмкіндік береді", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.
2025 жылы Қазақстанда 147 824 автомобиль шығару жоспарлануда. Алайда, вице-министр атап өткендей, салада бұл көрсеткіштен асып түсудің барлық алғышарты бар.
Оның айтуынша, отандық тауар өндірушілерге сертификат беруге байланысты процесті оңтайландыру кезінде қосымша өсу мүмкіндігі жоғары.
Вице-премьер Серік Жұманғарин сауда және интеграция министрлігіне қажетті рұқсат құжаттамасын жедел беру үшін шара қабылдауды тапсырды. Бұл жаңа модельдердің сериялық өндірісін уақтылы іске қосуға және қуаттардың жүктемесінің артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Теміржол секторы машина жасау құрылымында 13%-ды алады. 2024 жылы Қазақстанда жалпы сомасы 599,3 млрд теңгеге 125 локомотив және 2,7 мыңнан астам вагон өндірілді. Бүгінде осы сегментте Астана, Петропавл, Екібастұз және Атырауда орналасқан бес өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді.
биылдан бастап Астанада "Stadler Kazakhstan" зауыты жұмысын бастады. Оның іске қосылуы саланы трансформациялау мен оқшаулауды арттырудың маңызды кезеңін жол ашып отыр.
Жылжымалы құрамды жаңарту үшін Көлік министрлігі қызмет ету мерзімі ұзартылған вагондарды пайдалануға шектеу енгізуге бастамашы болды. Тиісті нормативтік құжат әзірленіп, келісу рәсімінен өтуде.
Вице-премьер Ұлттық экономика министрлігіне құжатты қысқа мерзімде қабылдау үшін рәсімдік мәселелерді шешуді жеделдетуді тапсырды.
Машина жасаудың жалпы көлемінің шамамен 9%-ы электротехникалық өнімге тиесілі. 2024 жылы Қазақстанда 270 мыңнан астам тұрмыстық техника өндірілді.
Осы жылдан бастап елімізде Samsung брендімен теледидар мен кір жуғыш машина өндірісі басталады. Бұл импортты алмастыру, оқшаулауды арттыру және Қазақстан аумағында шығарылатын өнім ассортиментін кеңейту бағытындағы маңызды қадам болмақ.
Ауылшаруашылығы машинасын құрастыру сала құрылымының шамамен 6%-ын алады. Бүгінде Қазақстанда өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын 10 ірі кәсіпорын өндіреді. Қолданыстағы жеңілдетілген лизинг бағдарламасының арқасында отандық өндірушілер трактор мен комбайн бойынша ішкі нарық қажеттілігінің 90%-ын қамтамасыз етіп отыр.
Өткен жылы финдік SAMPO, қытайлық ZOOMLION және американдық John Deere Қазақстанға кіріп, қазір олардың қатысуы күшейтілуде.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда 4 мыңға жуық трактор (+39,3%) мен 441 астық жинайтын комбайн (+64,6%) өндірілді. Жылдық жоспар 10 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасын шығаруды көздейді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 27%-ға жоғары.
Вице-премьер Серік Жұманғарин өңдеу өнеркәсібінің негізгі секторының бірі және елдің технологиялық дамуының маңызды драйвері ретінде машина жасаудың тұрақты өсу қарқынын сақтауға бағытталған барлық қажетті шаралар кешенін қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:51 31436
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді
Достарға айту
Қазақстан бидайы Қытай арқылы Вьетнамға теміржол көлігімен жөнелтілді, деп хабарлайды Самұрық-Қазынаның баспасөз қызметінен.
15 мың тоннадан астам қазақстандық бидай Вьетнамға Қытай аумағы арқылы темір жол көлігімен экспортталды. Астық жүктері Хайфон портына (Вьетнам) Достық және Алтынкөл шекаралық өткелдері арқылы жеткізілді.
Экспорт 2025 жылдың мамырынан шілдесіне дейін жүзеге асырылды. Ақмола облысының Азат, Ақкөл және Көкшетау станцияларынан барлығы сегіз құрам құрылып, жөнелтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:35 31831
Қазақстан мен Қытай Ақтөбе облысында карбамид өндіретін зауытты іске қосады
Достарға айту
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, Қытайдың CNPC корпорациясы, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ және Ақтөбе облысының әкімдігі арасында карбамид зауытының құрылысын көздейтін инвестициялық жобаны іске асыру жөнінде негіздемелік келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба мұнай-газ химиясы саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ең ірі бірлескен кәсіпорындардың бірі болмақ. Бұл стратегиялық әріптестіктің жарқын үлгісі ретінде ел экономикасын әртараптандыруға, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға және азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.
Құжатқа қол қою - жобаны іске асыруға қатысты негізгі мәселелер бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың заңды жалғасы: шикізатпен қамтамасыз ету, жобалық алдындағы кезеңді аяқтау, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді бастау және "Ақтөбе" АЭА аясында жер телімін бөлу.
Зауыт Ақтөбе облысында, Жаңажол газ өңдеу зауытының (ЖГӨЗ) маңында салынады. Шикізатпен қамту осы ЖГӨЗ базасында жүргізіледі және жылына 600 млн м³ дейін тауарлық газ жеткізіледі деп жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты - жылына 800 мың тоннаға дейін карбамид өндіру. Жалпы инвестиция көлемі - 1,25 млрд АҚШ доллары. Жобаны іске асыру мерзімі - 2024-2029 жылдар.
Құрылыс кезеңінде 3 000-ға дейін, ал пайдалану кезеңінде 400-ге жуық жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Жоба "Ақтөбе" АЭА құрамына енгізілген. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп тыңайтқыштың агротексерістері еліміздің төрт өңірінде жүргізілді.
Карбамид" жобасын іске асыру - отандық газ химиясын дамытуға, азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге елеулі үлес болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.07.2025, 13:26 32161
Қазақстан астық экспортын 58 пайызға арттырды
Достарға айту
Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы 10 шілдеге дейін Қазақстаннан жаңа өнім астығының экспорты 9,3 млн тоннаны құрады. Бұл 2023-2024 жылдардағы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 58,4%-ға артық, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
Экспорт көлемінің өсуі қазақстандық астықтың сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа ие екенін және жеткізу географиясын кеңейту мен логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Экспорттың негізгі бағыттары: Өзбекстан - 3,4 млн тонна (+32,8%), Тәжікстан - 1,3 млн тонна (+45,8%), Ауғанстан - 309 мың тонна (+49,2%), Қырғызстан - 238 мың тонна (+96%), Иран - 974 мың тонна (17,5 есеге өскен), Әзербайжан - 713 мың тонна (118,8 есеге өскен).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.07.2025, 12:26 42416
Цифрлық теңге Ұлттық қор мен бюджеттен бөлінетін қаражатқа ашық қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді
Достарға айту
Үкімет бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын бақылауды күшейтуде. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов журналистермен өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президент тапсырмаларын орындау шеңберінде бюджеттік процестерге цифрлық теңге енгізілуде. Бүгінгі таңда айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шығарылды. Платформа әзір тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануда, жыл соңына дейін оны толыққанды іске қосу жоспарлануда.
Жақын арада бюджет пен Ұлттық қор есебінен қаржыландырылатын кемінде 100 ірі жобаны анықтап, оларды "цифрлық теңге" жобасына енгізу қажет, сол кезде біз әрбір теңгенің қайда кеткенін ашық көретін боламыз. Менің жеке өзім бюджет қаражатын игеру процесін цифрландыруға үлкен үмітім бар. Бұл бізге ақшаны тиімді жұмсауға мүмкіндік береді", - деді Олжас Бектенов.
Премьер-Министр "цифрлық теңге" жобасына енгізілуі мүмкін бірқатар инфрақұрылымдық бастамаларды атады.
Бізде Ұлттық қор есебінен көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, биыл "Бақты - Аягөз" теміржол желісінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Осы жобаны "цифрлық теңге" арқылы қаржыландыруға қосуды ойлап отымыз. Содан кейін "Орталық-Батыс" автомобиль жолын саламыз, бұл жобаны да қосамыз. Осындай маңызды жобалардан бастау керек, өйткені ол жерлерде қыруар қаражат игеріліп жатыр. Сол себеп біз олардың ашық және тек мақсатты түрде жұмсалуына мүдделіміз", - деп атап өтті Премьер-министр.
Қазіргі уақытта Цифрлық теңге бірнеше бағыт бойынша қолданылуда. Атап айтқанда, цифрлық ҚҚС салықты қайтару мерзімін 75-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Жолдарды жөндеуге арналған қаражатты таңбалау "Павлодар - Атырау" және "Мұқыр - Құлсары" жобаларының мысалында сыналды. Цифрлық теңгені енгізу басқа бағыттарда да пысықталуда. Олар - жылжымайтын мүлікпен және автокөлікпен жасалатын мәмілелер, мектептегі тамақтану, қымбат тауарларды сатып алу, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік кредиттеу құралдары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 19:02 50656
"Қазатомөнеркәсіп" словакиялық атом электр станцияларына уран жеткізуге ниетті
Достарға айту
Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ (Қазатомөнеркәсіп) және Словакиядағы ең ірі электр энергиясын өндіруші Slovenské elektrárne a.s. (SEAS) компаниясы атом энергетикасы саласында ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуға екіжақты қызығушылықты білдіретін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
SEAS Словакияда өндірілетін жалпы электр энергиясының 70%-дан астамын қамтамасыз етеді. Компания екі атом электр станциясын - "Богунице" және "Моховце" АЭС-терін басқарады, онда бес ВВЭР-440 реакторы жұмыс істейді. SEAS-тың бақылаушы акционері (66%) - Slovak Power Holding компаниясы, ал қалған 34% үлесі мемлекетке тиесілі.
Меморандум тараптардың табиғи уран концентратын жеткізуді жолға қоюына, сондай-ақ осы елдің АЭС-тері үшін уран диоксидін (UO₂) жеткізу мүмкіндігін қарастыруға және болашақтағы ықтимал әріптестік бағыттарын анықтауға ниетті екенін білдіреді. Бұл Қазатомөнеркәсіп пен SEAS арасындағы алғашқы ресми құжат және ынтымақтастықтың жаңа кезеңін білдіреді.
Аталған меморандумға қол қою арқылы біз еуропалық әріптестерімізбен ынтымақтастықты нығайту жолында маңызды қадам жасап отырмыз. Словакия үшін тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етуде атом энергетикасының алар орны ерекше. Бұл келісім біздің компанияларымыз арасында берік әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға негіз болады деп сенеміз", - деді Қазатомөнеркәсіптің басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов.
Өз кезегінде, SEAS бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Бранислав Стричек ядролық отын жеткізілімдерін әртараптандырудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, табиғи уранның әлемдегі ең ірі өндірушісі Қазатомөнеркәсіппен ұзақмерзімді ынтымақтастықтың болашағына сенім білдірді.
Меморандум Қазатомөнеркәсіп үшін еуропаның жетекші энергетикалық компанияларымен ынтымақтастықты күшейту жолындағы кезекті қадам болып табылады. Бұл атом холдингінің халықаралық әріптестікті дамытуға, еуропалық нарықтағы үлесін арттыруға және өңірде тұрақты атом энергетикасын қалыптастыруға ұмтылысын растайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.07.2025, 16:38 51106
Медициналық сақтандыру реформасы: Тоқаев заңға қол қойды
Достарға айту
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады", - делінген хабарламада.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
15.07.2025, 19:56Қазақстанда аграрлық азық-түлік маркетплейсі пайда болуы мүмкін 15.07.2025, 17:53 70096Қазақстан президенті Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге қол қойды15.07.2025, 13:40 6980116 млн қазақстандықтың дербес деректерінің таралуы: тексерудің алдын ала жасалған болжамы аталды15.07.2025, 17:49 63106Қазақстанда көппәтерлі үйлерді басқарудың екі нысаны ғана қалады15.07.2025, 17:46 62411Қазақстанда 86 мың шақырым коммуналдық желілерді салу және жаңғырту көзделген
04.07.2025, 19:14 139181Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады04.07.2025, 19:03 139016Жол-құрылыс материалдары мен технологияларының бірыңғай базасы заңнама деңгейінде бекітілді03.07.2025, 13:43 136686"СҚ-Фармация" ЖШС жаңа Басқарма Төрағасы тағайындалды03.07.2025, 18:14 130226Тоқаев транзиттік дәліздердің өткізу қабілетін кеңейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды03.07.2025, 18:11 128301Степногорск қаласының жылу желілерін реконструкциялауға Үкімет резервінен 2,7 млрд теңге бөлінді