15.07.2022, 17:04 27921

Қарашөкеев Қазақстандағы қант тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты

Қарашөкеев Қазақстандағы қант тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтты
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 15 ШІЛДЕ - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қант тапшылығымен күрес және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Елді қантпен қамтамасыз ету мақсатында қант саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленетін болады", — деді Ербол Қарашөкеев.

 
Жоспарда қарастырылған:
 
  • қант қызылшасының егіс алаңдарын кеңейту арқылы шикізат базасын ұлғайту;
  • жаңа суармалы жерлерді енгізу;
  • су үнемдейтін суару технологияларын енгізу;
  • тұқым шаруашылығын дамыту; 
  • қант қызылшасын өңдейтін қолда бар қуаттарды техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру;
  • қант зауыттарын салу мен жаңғырту;
  • қант саласын мемлекеттік реттеу және қолдау шараларын күшейту.
 
Сондай-ақ, ақ қант импортының және құрақ қанты шикізатының өңдеу көлемдерін ұлғайту бойынша шаралар қабылданады, деп хабарлады Қарашөкеев.
 
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы сауда және ауыл шаруашылығы министрлеріне сөгіс жариялап, шұғыл түрде қант саласын дамыту бойынша салалық жоба әзірлеуді тапсырған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны