29.06.2022, 16:37 17721

Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді

"GPC Investment" ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі.
Қашағанда газ өңдеу зауытын салып жатқан компания мемлекет меншігіне өтеді
Сурет: astana-akshamy.kz
НҰР-СҰЛТАН. 29 МАУСЫМ - "GPC Investment" ЖШС компаниясы республикалық меншікке беріледі. ҚР Үкіметі тиісті қаулыны қабылдады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

GPC Investment" ЖШС жарғылық капиталына қатысу үлестерінің 100 пайызын сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы "Tau Bereke Group" ЖШС-ның ұсынысы қабылдансын", — делінген қаулы мәтінінде.

 
 "GPC Investment" компаниясы – "Қашаған кен орны шикізатының базасында қуаты 1,15 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу" жобасының операторы, деп атап өтті Үкіметтің баспасөз қызметі.
 
Жеке инвестордың жобаны іске асыруды жалғастырудан бас тартуына байланысты "GPC Investment" компаниясы "QazaqGaz" ҰК" АҚ балансына беріледі.
 

Өз кезегінде, бұл ішкі нарықты бағасы қолжетімді тауарлық және сұйытылған газбен қамтамасыз етуді арттыруға, сондай-ақ зауыт құрылысының жобасын уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді", - деп толықтырды Үкімет.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны