30.06.2016, 15:54 8959

Астанада өӊірлермен ЭКСПО халықаралық көрмесі аясында өӊірлермен қарым-қатынас және ілгерілету мәселелері бойынша кеӊейтілген жиналыс өткізілді.

Орталық және жергілікті атқарушы органдармен Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесін ілгерілету, өӊірлерден және шетелдерден туристер тарту, еріктілерді дайындау, қосымша көлік тасымал мәселелерін қарастыру, қонақтардыӊ келуіне қарсы туристік нысандарды әзірлер және тағы да басқа мәселелер "Астана ЭКСПО-2017" аясында өткізілген кеӊейтілген семинар-кеӊес барысында талқыланды

Астана. 30 маусым. Kazakhstan Today - Орталық және жергілікті атқарушы органдармен Халықаралық мамандандырылған "ЭКСПО-2017" көрмесін ілгерілету, өӊірлерден және шетелдерден туристер тарту, еріктілерді дайындау, қосымша көлік тасымал мәселелерін қарастыру, қонақтардыӊ келуіне қарсы туристік нысандарды әзірлер және тағы да басқа мәселелер "Астана ЭКСПО-2017" аясында өткізілген кеӊейтілген семинар-кеӊес барысында талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шара "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ басшысы Ахметжан Есімов, Қазақстан Республикасы Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Бахытжан Сағынтаев, ҚР Үкіметініӊ мүшелері, Астана қаласыныӊ әкімі Ісет Исекешов, Алматы қаласы және барлық облыс әкімдерініӊ орынбасарлары, "Атамекен" ҰКП, ұлттық компаниялар, туроператорлар мен туристік қауымдастық басшыларыныӊ қатысуымен ұйымдастырылды.

Ұлттық компания басшысы жиынды аша отырып, "Астана ЭКСПО-2017" көрмесі алдымыздағы жылдыӊ еӊ маӊызды және халықаралық деӊгейде еӊ ұзақ өткізілетін әрі 93 күн бойы бүкіл әлем назарын аудартатын іс-шаралардыӊ бірі екендігін атап өтті.

Ахметжан Есімов Көрмеге дайындық барысы белгіленген кестеге сәкес жүзеге асырылып жатқандығын ескере кетті. Құрылыста 11 мыӊнан аса, оған қоысмша ЭКСПО-ға тауар әкеліп және қызмет көрсететін отандық кәсіпорындарда 30 мыӊнан аса адам жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс нысандарына 262 отандық тауарөндірушілер қатыстырылып, көлемі 36,8 млрд теӊгені құрайтын келісімшарттарға қол қойылды. Сонымен қатар, жалпы соммасы 244 млрд теӊгені құрайтын инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Соныӊ есебінен қосымша 5300 жұмыс орындары ашылған.

"ЭКСПО шын мәнінде нағыз дағдарысқа қарсы жоба деп атануға лайықты. Бүгінде көрме аясында тікелей не жанама түрде 46 мыӊнан аса адам жұмыс істеуде. Бұл ретте, ЭКСПО өӊірлерде бұрынғы жұмыс орындарыныӊ сақталып, тіпті жаӊа жұмыс орындарыныӊ ашылуына көмектесуде", - деді Ахметжан Есімов.

Өз сөзінде Басқарма басшысы Көрмені өӊірлерде ілгерілету жұмыстарыныӊ негізгі бағыттарын атап өтіп, қатысушыларға осы жұмыстарды жалғастыруды өтінді.

"Көрменіӊ барынша сәтті өтуінде өӊірлердіӊ рөлі ерекше. Осыған байланысты, әкімдіктер туристік ағымдардыӊ мейлінше тиімді ұйымдастырылуына ықпал етіп, алайда бұл процесті "міндеттемеге" айналдырмауын сұраймыз", - деп сөзін жалғастырды Ахметжан Есімов.

Ұлттық компания басшысы туристік бизнестіӊ белсенді қатысуы жағдайдыӊ өзгеруіне ықпал ететіндігіне көпшіліктіӊ назарын аудартты.

"Илемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай жұмыстыӊ басында әдетте туристік компаниялар болуы тиіс. Жалпы алғанда, Қазақстанға келушілердіӊ небәрі 1 пайызы немесе 600 мыӊ адам ғана туристік мақсатпен келеді. Ал, біз Сіздермен 3 ай ішінде 5-7 есе көп туристерді күтіп отырмыз. Осы тұрғыдан алғанда, біздіӊ қалыптасқан жағдайды өзгерту мүмкіндігіміз бар, оны шетелдік мамандар да атап өтуде", - деді А.Есімов.

Ахметжан Есімов бұған дейін өткізілген Көрмелердегі дүниежүзілік тәжірибені ескере отырып, ЭКСПО дайындық барысында өӊірлерде отандық бизнес-құрылымдарды серіктестік пен демеушілікке тарту мәселелері бойынша жұмыс жүргізу қажеттігін ескере кетті.

"Бұл тек қаржылай құйылу ғана емес, тауар мен қызмет көрсетулерді ұсыну да жаһандық нарықта ілгерілетуге мүмкіндік береді, яғни бренд танымалдығын арттыру, коммерциялық қарым-қатынастарды нығайту", - деді ұлттық компания басшысы.

Еӊ алдымен, Қазақстан Респуликасы Премьер-министрініӊ бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жергілікті атқарушы органдарды туристік бизнес өкілдерін тартуда белсенділік танытуға шақырды.

"Илемдік қауымдастық республикамыздыӊ жетістіктерін жітік бағылап отыр. Сондықтан ЭКСПО-ға дайындалып, қонақтарымызды абыроймен күтуіміз керек. Бұл туроператорлар үшін де, орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін де ауқымды жұмыс. Біз тұрақты түрде селекторлық жиындар өткізіп тұрамыз, осы мәселені одан әрі нығайтамыз деп ойлаймын", - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Ұлттық компания басшысыныӊ пікірінше, кейбір шенеуніктер өз проблемаларына қатысты елдіӊ назарын "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қарай аудартуға тырысуда. Осыған байланысты, Ұлттық компанияныӊ Қоғаммен байланыс департаментіне арнайы "жедел желі" ұйымдастыруды тапсырамын. Оған қазақстандықтар ЭКСПО атын жамылып, неше түрлі ақша жинау фактілерін хабарлай алатын болады.

Сондай-ақ, әкімдіктерге халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын өткізуді ұсынды.

"Егер ЭКСПО мақсат мүддесін өздері түсінбесе, біз жергілікті шенеуніктерден тиімді жұмыс күте алмаймыз", - деді өз сөзін қорыта келе А.Есімов.

Сонымен қатар, Ахметжан Есімов Халықаралық мамандандырылған көрмеге қандай да бір ақша жинау фактілеріне қатысты әӊгімелерді жоққа шығарды.

"ЭКСПО ешқашан халықтан не тікелей, не жергілікті атқарушы билік арқылы, тіпті полиция арқылы ақша жинаған емес. Оныӊ үстіне, өздеріӊіз білесіздер, біз соӊғы айларда жоба құнын 130 млрд теӊгеге қысқарттық", - деді А.Есімов.

Қорыта келе, Басқарма басшысы алдағы Көрменіӊ барлық қазақстандықтар үшін маӊызды екендігін айтты.

"ЭКСПО басты мақсаты - Қазақстан дамуына ықпал ету. Осыған байланысты, біз, әсіресе, ел арасында қоғамдық пікірдіӊ дұрыс қалыптасуына барлық күш-жігерімізді біріктіруіміз керек. Бұл еліміздіӊ имиджі үшін маӊызды. Біздіӊ бірлескен түрде жұмыс істеуіміз Көрменіӊ сәтті өтуіне ықпал етеді", - деді ұлттық компания басшысы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны