13.12.2022, 11:03 13041

Ауыл тұрғындарына тиімді шарттармен несие алуға мүмкіндік беріледі

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5%, мерзімі 7 жылдан аспайтын, кепілмен қамтамасыз етілген
Ауыл тұрғындарына тиімді шарттармен несие алуға мүмкіндік беріледі
Сурет: Depositphotos
Астана. 13 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдан бастап ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау шеңберінде қазақстандықтардың тиімді шарттармен шағын несие алу мүмкіндігі болады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындары бизнес ашуға және жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейтуге шағын несиелер ала алады.

Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5%, мерзімі 7 жылдан аспайтын, кепілмен қамтамасыз етілген. Несиенің ең жоғары сомасы - 2,5 мың АЕК немесе шамамен 7,9 млн теңге, ірі кооперацияны дамыту үшін - 8 мың АЕК немесе шамамен 25,4 млн теңге. Несие қаражатын беру операторларын облыстардың жергілікті жерлердегі әкімдіктері мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы айқындайды", - деді АШМ.


Ұйымдастырушылық жұмысын ескере отырып, алғашқы микронесиелер 2023 жылдың бірінші тоқсанының соңында беріле бастайды деп күтіліп отыр.

Ведомство ауыл халқының табысын арттыру бойынша пилоттық жоба алғаш рет 2019 жылы Жамбыл облысында басталғанын еске салды. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл бағдарламаны бүкіл Қазақстан бойынша масштабтауды тапсырды.

2023 жылы жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 11 мыңнан астам шағын қарыз беру жоспарымен 52,4 млрд теңге бөлу көзделіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов шағын несиелендіруге қолжетімділікті кеңейту есебінен ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту жөніндегі жобаны іске асырудың басталуы туралы айтты.

Келесі жылы бұған 70 млрд теңге бөлу жоспарлануда. Жалпы, бес жыл ішінде жобаны іске асыруға 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр, бұл 1 млн-нан астам ауыл тұрғындарын қамтуға мүмкіндік береді", - деді Премьер-Министр.


Оның айтуынша, осы жұмыс аясында барлық жеке үй шаруашылықтарының жартысын кооперативтік кәсіпкерлікке тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны