16.06.2021, 21:03 15134

Айырбастау пункттеріне халықтан 2017 жылға дейін шығарылған алтын құймаларды сатып алуға рұқсат етілді

Жаңа нормалар 2021 жылы 2 маусымда күшіне енді.
НҰР-СҰЛТАН. 16 МАУСЫМ - Қазақстанда қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүзеге асыру Ережелеріне енгізілген өзгертулерге сәйкес, банктік емес айырбастау пункттері 2017 жылға дейін Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған тазартылған алтын құймаларды халықтан сатып алу құқығына ие болды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Жаңа нормалар 2021 жылы 2 маусымда күшіне енді. Бұған дейін банктік емес айырбастау пункттері тек 2017 жылы және одан кейін шығарылған алтын құймаларды халықтан сатып алып, сатып келген болатын", - деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінде.

 
Ұлттық банкте атап өткендей, алтын құймалар сенімді инвестициялық құрал бола алады. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттеріне құймаларды халықтың қайта тапсыра алу мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз ететін негізгі фактор. 
 
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық Банк тазартылған алтын құймаларды халыққа сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама іске қосылғалы жалпы салмағы 1,88 тонна 52 967 алтын құйма сатылып, жалпы салмағы 4,2 келі 147 құйма қайта тапсырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны