04.10.2022, 15:55 11941

Қазақстан Үкіметі KazakhExport-қа 210 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік берді

Қазақстан Үкіметі KazakhExport-қа 210 млрд теңге көлемінде мемлекеттік кепілдік берді
АСТАНА. 4 ҚАЗАН - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ-қа 10 жыл қолдану мерзімімен 210 млрд теңге сомаға экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "KazakhExport" ЭСК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР Қаржы министрлігі мен "KazakhExport" ЭСК" АҚ арасында 29 қыркүйек айында кепілдік шарты жасалды.
 

Қазақстан Республикасының экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдігі Қоғамға қосымша сақтандыру міндеттемелерін одан әрі қабылдау мақсатында сақтандыру сыйымдылығын ұлғайту үшін ұсынылады", - деп атап өтті KazakhExport.

 
Қолда бар сыйымдылық шегінде сақтандыру портфелінің деңгейін сақтау Қоғам сенімділігінің жоғары дәрежесін және тиісінше оған екінші деңгейдегі банктер, халықаралық қаржы институттары және шетелдік экспорттық-кредиттік агенттіктер тарапынан сенімді сақтайды.
 
Осының салдарынан шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің отандық экспорттаушылары экспорттық қызметті іске асыру кезінде Қоғамның қаржылық қолдауын ала алады. Атап айтқанда, Қоғам сақтандыруымен халықаралық қаржы институттарынан және ірі коммерциялық банктерден ұзақ мерзімді қаржыландыруды тарту, өзінің шетелдік контрагенттерін саудалық қаржыландыруға сүйену, өзінің экспорттық келісімшарттары бойынша қаржылық тәуекелдерді төмендету және экспортты қолдау бойынша Қоғамның басқа да құралдарын қолдану мүмкіндігін алады", - деп қосты баспасөз қызметінде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны