11.03.2021, 15:12 18720

Қазақстанда 721,7 млрд теңге сомасына зейнетақыны мерзімінен бұрын алуға 138,9 мың өтініш орындалды

Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне алудың барлық көлемінің 62,5%-ы тиесілі.
Нұр-Сұлтан. 11 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстанда салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 721,7 млрд теңге сомаға 138,9 мыңды құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық Банкінің басшысы Ерболат Досаев Үкімет отырысында, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Биылғы жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуы үшін орындалған өтініштерінің саны 721,7 млрд теңге сомасына 138,9 мың болды. Азаматтар алған жинақтарының 99,7%-ін тұрғын үй мәселелерін шешуге бағыттауға ниеттенуде", - деді Ерболат Досаев.

 
Оның айтуынша, 402 азаматтың 936,3 млн теңге сомасына зейнетақы жинақтары 4 басқарушы компанияға сенімгерлікпен басқаруға берілді.
 
Өңірлер бойынша Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне алудың барлық көлемінің 62,5%-ы тиесілі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны