26.04.2022, 17:24 22516

Қазақстанда импортты алмастыруға арналған тауар позицияларының үш тобы анықталды

Елімізге машина жасау, химия өнеркәсібі, қара металлургия, тамақ өнеркәсібі (3 млрд АҚШ доллары), жеңіл өнеркәсіп және т.б. өнімдер үлкен көлемде жеткізіледі.
НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Қазақстанда үшжақты тәсіл әзірленді және импортты алмастыруға арналған тауар позицияларының үш тобы айқындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет отырысы барысында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев импортқа тәуелділік деңгейін барынша төмендету үшін тиімді жұмыс жүргізген басқа елдердің тәжірибесі ескерілгенін айтты. Олардың негізгі бағдарламалары мен ел ішіндегі құндылық стратегиялары зерделенді.
 
Осылайша, тауар позициялары бойынша 3 топ анықталды. 
 
Бірінші топ — импортты алмастыруға дайын тауарлар. Қазіргі таңда еліміз бойынша мұндай тауарлардың өндірісі бар. Тек тауар өндірушілерді шикізат, қаржыландыру, қажет мамандар және ұзақ мерзімді келісімшарттармен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізу қажет. 
 
Екінші топ – импортты алмастыруға дайындық деңгейі орташа тауарлар. Бұл жерде қажет өндірістерді іске қосу үшін құзырет жеткілікті және инвесторлар дайын. 
 
Үшінші топ – импортты алмастыруға қатысты дайындығы төмен тауарлар. Негізінде, бұл жоғары технологиялық тауарлар. Оларды шығару үшін болашаққа деген перспективамен жағдай жасау қажет.
 

Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі импортының жалпы сомасы $38,3 млрд құрады. Шамамен $32 млрд қаражат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жетекшілік ететін салаларға тиесілі", — деді ведомство басшысы.

 
Әкімдіктермен пысықтау қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі салаларында инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Аталған жобалар импортты алмастыруға және дайын өнімді экспорттауға бағытталған. 700-ге жуық жоба қамтылған, оның ішінде 286-сы импортты алмастыратын жобалар.
 
Оның айтуынша, пулдағы 95 жоба екінші топқа, яғни импортты алмастыруға дайындығы орташа тауарларға жатады. 
 
Үшінші топ бойынша 36 жобаны жүзеге асыру үшін тауарлар тізбегі айқындалды. Аталған тауарлар бойынша белсенді түрде инвесторлар іздестірілуде.
 

Бірінші топқа қазірдің өзінде отандық кәсіпорындарда өндіріліп жатқан өнімдерді шығаруға бағыт алған 155 жоба енгізілді. Алайда, аталған тауарлар импортты толық алмастыруы үшін өндіріс көлемін ұлғайтуымыз қажет", — деді Қ. Өскенбаев.

 
2022 жылы ҚР өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестициялау жоспарлануда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны