26.04.2022, 17:12 20861

2022 жылы ҚР өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестициялау жоспарлануда

Биыл 165 жоба іске қосылады, ал қалған 498 жоба 2023-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
2022 жылы ҚР өнеркәсібіне 1,7 трлн теңге инвестициялау жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 26 СӘУІР - Биыл іске асырылып жатқан жобалардың инвестицияларының жалпы көлемі 1,7 трлн теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қ. Өскенбаевтың айтуынша, биыл 165 жоба іске қосылады, ал қалған 498 жоба 2023-2026 жылдары жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
 

Капиталды барынша қажет ететін 820 млрд теңге көлеміндегі жобалар Атырау облысында іске асырылатын болады. Жобалар санының аз болғандығына қарамастан, 5 жоба, бір жұмыс орнына салынған инвестициялар көлемі 1 млрд теңгені құрайды. Инвестициялардың ең аз көлемі Павлодар облысында – 7,4 млрд теңге", - деді ИИДМ басшысы Үкімет отырысында.

 
Жалпы өңдеуші өнеркәсіпке 108 мың жұмыс орнын құрумен инвестициялар көлемі 20,5 трлн теңгеге 633 жоба тиесілі. 
 
Тау-кен өнеркәсібі саласы, агроөнеркәсіптік кешен және инфрақұрылымдық даму салаларына 8 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен инвестициялар көлемі 1,3 трлн теңгені құрайтын 57 жоба тиесілі.
 

2022 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 107 жобаны, Ауыл шаруашылығы министрлігі 46 жобаны, Энергетика министрлігі – 5 жобаны және Денсаулық сақтау министрлігі 7 жобаны іске асыруға жауапты", - деп нақтылады министр.

 
Спикер жобалар толық қуатымен жүзеге асырылған кезде 2,5 трлн теңгенің өнімі шығарылып, экспорттың жалпы көлемі $3,6 млрд құрайды деп жоспарланып отырғанын айтты.
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, биылғы жылдың басты жобалары — Атырау облысында пропилен өндіретін зауыт салу; Қарағанды облысында автомобиль шиналарын жасайтын зауыттың құрылысы; Ақмола облысындағы алтын өндіру фабрикасы мен Түркістан облысында мұнай өңдейтін зауыттың құрылысы.
 

Сондай-ақ Шымкент қаласында алюминий банкілерін өндіру бойынша жоба іске қосылады. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысында май экстракциялық зауыты іске қосылмақ; Жамбыл облысында минералды тыңайтқыштар өндірісін кеңейту жоспарлануда. Алматы қаласында алюминий және биметалл радиаторларының өндірісі іске қосылады", - деп жоспарларымен бөлісті ИИДМ басшысы.

 
Қара металлургия саласындағы алдыңғы қатардағы жобалардың тізіміне 4 жаңа болат құю зауыты, 2 жартылай кокс өндіру зауыты және 5 ферроқорытпа зауытын іске қосу кіреді.
 

Жобаларды іске қосу $1,2 млрд көлеміндегі импортты алмастыруға, сонымен бірге $3 млрд сомасына экспортқа шығаруға бағытталған", — деді Қ. Өскенбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны