05.05.2020, 16:51 5509

Қазақстанда карантин кезеңінде медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдар өндірісі екі есеге өсті

Қазақстанда карантин кезеңінде медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдар өндірісі екі есеге өсті

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда карантин кезеңінде медициналық бетперделер мен антисептикалық құралдар өндірісі екі есеге өсті.

Биыл наурыз айында отандық фармацевтикалық кәсіпорындар тәулігіне 170 мың дана медициналық бетперде шығарса, бүгінде бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 340 мың данаға жетті. Ал залалсыздандыру құралдарын өндіру тәулігіне 86 мың литрді құраса, қазіргі уақытта 170 мың литрден асты.

Медициналық бетперделер бойынша өндіріс өсімі "Дольче" ЖШС өндірісін кеңейту есебінен болды. Олар қысқа мерзімде екі қосымша станок орнатып, өндіріс қуатын 3 есе, яғни 60 мыңнан 180 мың данаға дейін арттырды.

Залалсыздандыру құралдарға келсек, карантин кезінде кейбір кәсіпорындар өз қызметін осы бағытқа бейімдеп, халыққа аса қажетті өнімді шығара бастады. Осылайша, Қазақстанда этил спиртін өндіруші кәсіпорындар жағдайға байланысты залалсыздандыру құралдар өндіруге көшті: олардың қатарында Қостанай облысындағы қуаттылығы тәулігіне 4 000 л "ALPHA-2050" ЖШС, Ақтөбе облысындағы қуаттылығы тәулігіне 54 000 л "Кентавр" ЖШСбар. Сондай-ақ "АлмаДК" ЖШС және "Милитарм" ЖШС-мен бірлесіп, натрий гипохлориті және этил спирті негізінде антисептикалық және залалсыздандыру заттарын шығара бастады.

Сонымен қатар, өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында өз өнімдерін айналымға шығару үшін бірқатар жаңа кәсіпорындар тіркеу процесінен өтіп жатыр. Мысалы, Алматы қаласында қуаттылығы тәулігіне 5 мың л "ДатаХимПром" ЖШС, Атырау қаласында "SARI SUPPLIERS" ЖШС, "Рауан Налко" ЖШС, Шымкент қаласында тәулігіне 5 мың л шығаратын "Best Pharma" ЖШС, Батыс Қазақстан облысында тәулігіне 600 л. өндіретін "Топан" ЖШС.

Әкімдіктердің ақпараты бойынша халықтың дезинфекциялық құралдарға деген қажеттілігі толығымен отандық өндірушілер есебінен қамтамасыз етіледі.

Анықтама:

Медициналық бетперде өндіретін отандық фармацевтикалық кәсіпорындар: "Dolce" ЖШС (Алматы обл.) тәулігіне 60 мың дана, "Super-pharm" ЖШС (Жамбыл обл.) тәулігіне 70 мың дана; "Mega Pharma" ЖШС (Жамбыл обл.) тәулігіне 50 мың дана; "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қ.) тәулігіне 5-6 мың дана; "Мерусар" ЖШС (Павлодар қ.) тәулігіне 5 мың дана, "ТК-Фарм Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.) тәулігіне 15 мың дана.

Отандық дезинфекциялық құралдарды өндірушілер:

Павлодар қ.-" Каустик "АҚ 20 т/тәулік," БО-НА "ЖШС 240 т/тәулік," Казбытхим " ЖШС 6 т/тәулік; Алматы қ.- "Microhim "ЖШС 7000 л/тәулік," Аврора "ЖШС 15 000 л/тәулік," Nazar Glabal Trade "ЖШС 7000 л/ тәулік," Гиппократ" ЖШС 3000 л/тәулік; Петропавл қ.-"Радуга" ЖШС 5500 л/тәулік; Шымкент қ. - "НПО Asem" ЖШС 4 т / тәулік," 240 л/тәулік; тәулігіне, "НПЦ Рауан" ЖШС 800 л/тәулігіне, "Topseller of chemical products" ЖШС 8 Т/тәулігіне; Ақмола облысы-"Завод бытовой химии" ЖШС 1000 л/тәулігіне, "ГАЛА-КОСМЕТИК и К" ЖШС 1000 л / тәулігіне; Алматы облысы - "Golden Time Group" ЖШС 2 000 л/тәулік, "БАГАШАР МЕКЕН" ЖШС 100 т/тәулік; Қостанай облысы - "НПО МедиаДез" ЖШС 1000 л/тәулік, "Эко-флора" ЖШС 15 000 л/тәулік, "ALPHA-2050" ЖШС 4000 л/тәулік, "Фармаком" Импэкс" ЖШС 80 л/тәулік; Қарағанды облысы - "Грос фарм" ЖШС 2000 л/тәулік; Жамбыл облысы - РПО "Амир и Д" ЖШС 1000 л/тәулік, "БМ" ЖШС 10 000 л/тәулік;; Батыс қазақстан облысы-"Топан" ЖШС 600 л/тәулік. Ақтөбе облысы - "ТК Фарм Актобе" ЖШС 6650 л / тәулік, "Кентавр" ЖШС 57 000 л / тәулік," GRANT ADAL "ЖШС 3000 л / тәулік, "Splendor" ЖШС 3000 л / тәулік.

Кәсіпорындар орналасқан өңірлер:

Павлодар, Алматы қ., СҚО, Шымкент қ., Ақмола облысы, Алматы облысы, Қостанай облысы, Қарағанды облысы, Жамбыл облысы, Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны