27.12.2021, 17:56 20196

Қазақстанда мобильдік төлемдер туралы деректерді салық органдарына беру қағидалары әзірленді

Қазақстанда мобильдік төлемдер туралы деректерді салық органдарына беру қағидалары әзірленді
НҰР-СҰЛТАН. 27 ЖЕЛТОҚСАН - Қаржы министрлігі екінші деңгейдегі банктердің салық органдарына мобильдік төлемдер туралы мәліметтерді беруі жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімін бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 
Қағидалар пилоттық жобаға қатысушыларды, олардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ оны іске асыру тәртібі мен мерзімдерін айқындайды, делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта. 
 
Пилоттық жобаның қатысушылары: деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының (POS-терминал) техникалық талаптарын ескере отырып, төлем карточкалары мен қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) ерікті негізде қолдануға дайындығын білдірген салық төлеушілер; Комитеттің ИДБ АЖ сервисіне қосуға өтінімдер берген ЕДБ (келісім бойынша); мемлекеттік кірістер органдары - Комитет және пилоттық жобаның қатысушылары болып табылатын, аумағында орналасқан жері бойынша салық төлеушілер тіркелген оның аумақтық органдары.
 
Пилоттық жобаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері:
 
Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (ДБФ бар БКМ) қолдану бойынша міндеттемелері бар салық төлеушілер:
 
1) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін ДБФ бар БКМ қолданбауға;
 
2) Пилоттық жобаны жүргізу барысында интеграция мәселелері бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар алуға құқылы.
 
6. Салық төлеушілер:
 
1) Пилоттық жоба аяқталғанға дейін POS-терминалды қолдануға;
 
2) ЕДБ-мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беру туралы шарт жасасуға міндетті.
 
7. ЕДБ пилоттық жобаны жүргізу барысында комитеттен интеграция мәселелері бойынша түсіндірулер мен ұсынымдар алады.
 
8. ЕДБ:
 
1) №123 бұйрыққа сәйкес Комитеттің ИДБ АЖ-мен интеграцияны қамтамасыз етуге;
 
2) Комитетке POS-терминалдарды қолданатын салық төлеушілердің тізімін ұсынуға;
 
3) Комитетке POS-терминалдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді өзгеріссіз түрде беруге;
 
4) мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты құрайтын ақпаратты жария еткені, таратқаны үшін қызметкерлердің жауаптылығы туралы құқықтық актіні бекітуге;
 
5) POS-терминалды қолданатын салық төлеушілер үшін техникалық қолдауды қамтамасыз етуге міндетті.
 
9. Мемлекеттік кірістер органдары:
 
1) Пилоттық жоба мәселелері бойынша түсініктемелер беруге;
 
2) мемлекеттік кірістер органдарының құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беруге;
 
3) Салық кодексінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
 
10. Мемлекеттік кірістер органдары құқылы:
 
1) Пилоттық жоба шеңберінде ЕДБ-ден ерікті негізде POS-терминалдарды қолданатын салық төлеушілер бойынша ақпарат сұратуға;
 
2) Салық кодексінде көзделген өзге де құқықтарды пайдалануға құқылы.
 
Пилоттық жобаны іске асыру тәртібі мен мерзімі:
 
10. POS-терминалдарды пайдалана отырып ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді беру тәртібі:
 
1) ЕДБ POS-терминалдан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салық төлеушілер жүзеге асыратын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені іске асырады;
 
2) ЕДБ POS-терминалдан ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді Комитеттің ИДБ АЖ-ға интеграциялау арқылы береді;
 
3) ЕДБ Комитет POS-терминалдарды ерікті негізде қолданатын салық төлеушілердің тізімін айқындайды.
 
Пилоттық жобаны жүргізу мерзімі: 2022 жылғы қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны