05.12.2022, 16:21 13826

Қазақстанда табиғи газ өндірісі азайды

2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде Қазақстанда ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді
Қазақстанда табиғи газ өндірісі азайды
Сурет: Depositphotos
Астана. 5 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде Қазақстанда ақшалай көлемде 259,9 млрд теңгеге табиғи газ өндірілді, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға аз, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
 
Есепті кезеңде нақты мәнде 43 366,8 млн/м3 табиғи газ өндірілді, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5%-ға төмен. Ілеспе мұнай газ өндірісі 25 777,1 млн/м3 құрады, бұл 2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 2,9%-ға аз.
 
Бұған дейін Қазақстандағы тауарлық газ ресурстары 7 миллиард текше метрден астамға артады деп хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны