30.03.2022, 16:44 20506

Қазақстандық бизнес үшін Ресей мен Беларуське экспорттауға тыйым салынған санкциялық тауарлардың тізімі бар сайт іске қосылды

Сонымен қатар, сайтта елдердегі геосаяси тәуекелдердің жоғары екенін ескере отырып, нарығынан кетуге шешім қабылдаған халықаралық компаниялардың тізімі жарияланған.
НҰР-СҰЛТАН. 30 НАУРЫЗ - Жедел штаб бизнеске арналған "нұсқаулықты" құру туралы шешім қабылдады: мемлекеттік органдардың ресми сайттарынан бір сайтта – http://sanction2022.kz/main – Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына экспорттауға және импорттауға тыйым салынған тауарлардың толық тізімі жиналды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Біз бүкіл әлеммен еркін сауда жасаймыз, ал бірыңғай кедендік аймақ жағдайында тауарлар ағыны барынша жеңілдетілген. Сондай-ақ, Қазақстан арқылы Ресей мен Беларусь елдеріне бағытталған тауарлар көптеп келеді. Ендігі міндетіміз – реэкспорт қаупіне байланысты санкция салған елдердің "ерекше назарына" түсіп қалмау", - деп ескертті ҚР сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.

 
Сондықтан, кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғарыда аталған ресурс іске қосылды.
 
Сонымен қатар, сайтта елдердегі геосаяси тәуекелдердің жоғары екенін ескере отырып, нарығынан кетуге шешім қабылдаған халықаралық компаниялардың тізімі жарияланған.
 

Бұл компанияларды Қазақстанға тарту туралы мәселеге келсек, Қазақстанда бизнес ашу және жүргізу үшін жағдайлар посткеңестік кеңістіктегі ең қолайлылардың бірі болып табылады. Бұл өз кезегінде нақты секторда инвестициялардың өсуіне және жаңа өндірістердің ашылуына ықпал етеді. Ал бұл Мемлекет басшысының үкімет алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі. Сондықтан Қазақстанда өз өндірісін ашқысы келетін кез келген компания инвесторлар үшін қолжетімді жеңілдіктердің толық спектрін пайдалана алады", - деді СИМ басшысы.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны