09.03.2023, 09:32 38581

Қазақстандықтарға жалақы бойынша 1 млрд теңгеден астам қарыз төленді

7,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды
Астана. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңға жуық жұмыскердің құқығын қорғады. Жалақы бойынша 1,3 млрд теңге қарыз төленді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмыскердің алдында 1,7 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды", - деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.


Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,3 млрд теңге төленді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны