05.05.2021, 19:36 20566

Қазақстандықтар МКК мобильді қосымшасы арқылы салықты, кедендік төлемдерді және айыппұлдарды төлей алады

Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады.
НҰР-СҰЛТАН. 5 МАМЫР - Қазақстандықтар МКК мобильді қосымшасы арқылы салықты, кедендік төлемдерді және айыппұлдарды төлей алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлағандай, 2021 жылғы 23 сәуірден бастап eSalyq Azamat Салық әмияны мобильді қосымшасында реквизиттерді өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеу сервисі іске асырылды. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады.
 
Сервис жеке тұлғаларға төлеудің келесі реквизиттерін өздігінен таңдау жолымен салықтарды төлеуге мүмкіндік береді: бюджеттік сыныптама коды (БСК), төлемнің мақсат коды (ТМК), мемлекеттік кірістер органының немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының коды (МКО/ЖӨБ), сомалар.
 

Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарының салығы сияқты негізгі салықтармен қатар, кәсіпкерлік қызметінің салықтарын, кеден төлемдерін, мемлекеттік баж, алымдар, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдар, жекешелендіру, жер сатудан төлемдер және т.б. төлеу мүмкіндігі берілді", - деп хабарлады МКК-де.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны