08.02.2023, 15:32 35671

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және емделуге 3,5 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын алды

Қазақстандықтар тұрғын үй сатып алуға және емделуге 3,5 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтарын алды
Көбінесе қазақстандықтар зейнетақы жинақтарына дайын тұрғын үй сатып алады немесе үй салады

Астана. 8 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Салымшылар өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын алу аясында 3,5 трлн теңгені игерді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.
 
Ұлттық банк өкілі 2021 жылдан бастап салымшылар өздерінің жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, басқарушы компанияларға тапсыруға және ем-дом алуға жұмсағанын еске салды.
 
Бұл мүмкіндік аясында салымшылар 3,5 трлн теңгені аталған мақсаттарға бағыттады.
 

Атап айтқанда, 3,17 трлн теңге (90,6 пайызы) баспана мәселесін шешуге, 318, 8 млрд теңге (9,1 пайызы) емделуге, сондай-ақ 8,7 млрд теңге (0,25 пайызы) басқарушы компанияларға аударылды", - деді Әлия Молдабекова Сенатта депутаттармен кездесу кезінде.


Бұған дейін депутаттар қазақстандықтарға БЖЗҚ жинақтары есебінен кредиттерді өтеуге мүмкіндік беруді ұсынған болатын.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны