29.04.2024, 16:49 35131

Автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды

Автомобиль жолдарының сапасын бақылау бойынша "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды
29 сәуір ҚР Көлік министрлігі мен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ бастамасымен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының сапасын тексеру бойынша кең ауқымды "Халықтық бақылау" жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.  

Бұл жоба қоғамның еліміздегі жол нысандарының сапасын арттыруға белсенді қатысуға бағытталған.

Жобаның мақсаты - Қазақстанның әрбір азаматын салынып жатқан республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша қоғамдық бақылауға шақыру. Көлік министрлігі өз кезегінде анықталған кемшіліктер мен мәселелерге ден қойып, оны қысқа мерзімде шешуді қамтамасыз етеді. Жобаға қатысу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласып, өтінім қалдыру керек.

Тіркеу кезінде аты-жөнін, байланыс нөмірін, сондай-ақ тұратын елді мекен мен облысты көрсету қажет. Нысандарды аралау кестесімен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ www.qaj.kz ресми сайтында танысуға болады. "Халықтық бақылау" жобасы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын барлық жол қозғалысына қатысушы үшін қауіпсіз әрі сапалы етуге арналған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны