13.12.2022, 12:18 12986

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 7,3%-ға өсті

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша ең үлкен өсім химиялық элементтер бойынша байқалады
Қазақстанның ЕАЭО елдерімен тауар айналымы 7,3%-ға өсті
Сурет: Depositphotos
Астана. 13 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылғы қаңтар-қазандағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудаcы 22 963,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,3% көбейді, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, 2022 жылғы қаңтар-қазандағы тауарлар экспорты 7 705,1 млн АҚШ доллары (21,4% көп), импорт - 15258,6 млн АҚШ доллары (1,3% көп) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,3%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына - 4%, Беларусь Республикасына - 3,5%, Армения Республикасына - 0,2% келеді", - деп хабарлайды статистиктер.


ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық изотоптардың элементтері бойынша 2,1 есе өсім бар. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (76,5% аз).

Импортта бидай мен меслин бойынша 2 есе өсім тіркелді. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (74% аз).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны