29.04.2020, 11:14 6893

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы біріншіден ұзақ мерзімді сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Бұл ауыл шаруашылық өндірушінің шығындарын арттырады.

Алматы. 29 сәуір. Kazakhstan Today - Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тауар сүйемелдеу жүйесін құру

ҚР СИМ желісі бойынша

Агроөнеркәсіп кешенінің тауарларын халыққа қолжетімділігі бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында, Үкіметтің алдында қойылатын негізгі міндеттер белгілеген жөн.

Біріншіден, халықтың қажеттілігін аграрлық және тағам өнеркәсібінің сапалы тауарларымен қамтамасыз ету.

Екіншіден, азық-түлік пен бірінші кезекте қажетті тауарлардың бағасын тұрақтандыру. Бұл әсіресе маусымаралық кезеңдерде маңызды.

Үшіншіден, отандық өндірушілердің өнімнің шығындары мен жоғалтуларын азайтып өнімділігін арттыру.

Төртіншіден, ауыл шаруашылығы өнімдерінің тиімді логистикасын дамыту және бесіншіден олардың экспорттық арналарын кеңейту.

Біз қазақстандық тауарларды сақтау мен логистикаға жұмсалатын шығыстардың ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу кезінде "ауыртпалық" болудың орнына, біздің бәсекелестік артықшылығымызға айналдыруымыз тиіс.

Азық-түлік қауіпсіздігінің қазіргі жағдайы біріншіден ұзақ мерзімді сақтау үшін сапалы инфрақұрылымның жетіспеушілігімен сипатталады. Бұл ауыл шаруашылық өндірушінің шығындарын арттырады.

Екіншіден, сауда-логистикалық инфрақұрылым объектілерінің бір-бірімен дұрыс үйлестірілмеуі тұтынушыға дейін жеткізетін тауар жолын қиындатады.

Үшіншіден, сауда инфрақұрылымының ескі форматтары өнімді тиімді таратып және ұзақ мерзімді кезеңге бағаны тұрақтандыруға жол бермейді.

Осымен бірге, еліміздегі көлік-логистикалық жүйенің қымбаттылығы мен төмен тиімділігі транзиттік мүмкіншіліктері мен экспорттық потенциалын толық ашуға қосымша қиындықтарды туындатады.

Елімізде өндіретін азық-түлікті дұрыс сақтап, өткізетін жүйені құру қажеттілігінің себебі өндірушілердің үлкен шығындарына байланысты.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйенсек, ел бойынша көкөніс сақтау қоймаларының тапшылығы шамамен 70%-ті құрайды, ал кейбір өңірлерде бұл көрсеткіш 90%-ке жетеді.

Бұл өнім шығынына және оны ұзақ мерзімде сақтап қалудың мүмкіншілігінің болмауына алып келеді.

Мәселен, көкөніс пен жемістің шығыны 19%-ті, ет пен сүт өнімдерінің шығындары 5%-ті құрайды. Бұл кәсіпкердің барлық шығындары өнімнің түпкілікті құнына әсерін тигізеді.

Сауда инфрақұрылымына көшетін болсақ, қазіргі уақытта елімізде жұмыс жасайтын 750 сауда базарлары бар, олардың басым бөлігі (51%) стационарлық емес болып табылады.

Базарлардың бірде-бірі қазіргі заман талаптарына сай еместігін атап өту керек. Тауарларды жедел жүктеуге мүмкіндік беретін заманауи жүк түсіру (қазір оны "кросс-док" деп атайды) және температуралық қоймалардың жеткіліксіздігі бағаға тікелей әсерін тигізеді. Әрине, базарларда тауар ағындарын бақылау бойынша ақпараттық жүйе де жоқ.

Бұл ретте, өндірушілердің сөрелерге қол жеткізу тетігі бұрмаланған баға негізін, әділетсіз сауда үстемесін және белгілі кезеңдерде бағалардың негізсіз өсуін құрайды.

Қалаларымызда карантин енгізілуіне байланысты ажиотаж осы мәселелерді тағы да айқындап берді.

Аталған проблемаларды жедел және жүйелі шешу үшін, көтерме-тарату орталықтарының бірыңғай кешенінен құрайтын ұлттық тауар өткізу желісін құру ұсынылады.

Бұл экожүйе өндірушімен тұтынушыны жақындататын экономикалық кластер, сондай-ақ бірыңғай тетікті құрай отырып, республиканың сауда инфрақұрылымына қосылады.

Сауда мен тарату функционалы бойынша жіктелген көтерме-тарату орталықтары жүйенің өзегі болып табылады.

Көтерме-тарату орталықтарының қызметі өнімді сақтау мен қайта өңдеу, тарату мен өткізуге дейінгі мамандандырылған қызметтерді ұсынатын болады.

Бұл инфрақұрылым өнімді жеткізудің тиімді көліктік-логистикалық бағыттарын құруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия және Қытайға экспорттық-импорттық операциялар жүзеге асырылатын болады, бұл өткізу нарығын кеңейтеді.

Көтерме-тарату орталықтарының желісі тауар өткізу жүйесінің негізгі қатысушылары арасындағы байланыстырушы буын болады және өндірушілердің, жеткізушілердің және сатушылардың кластеріне біріктіреді.

Тауар өткізетін жүйе моделіне әлемдік және өңірлік сарапшылардың (Азиялық Даму Банкі, Делойт, ресейлік 3PL-Адмирал операторы және т.б.) кеңестеріне сүйене отырып, ұсынылатын тауар желісінің параметрлері мен сипаттамаларын анықтадық.

Көтерме-тарату орталықтары бірыңғай жүйенің элементтері болып табылады, осыған байланысты олардың түрлері мен функционалы бойынша бөлінуі неғұрлым тиімді.

Біз елдің барлық өңірлерінде көтерме-тарату орталықтарының желісін құруды жоспарлаудамыз, ол өндірушіден сөреге дейінгі тауар тізбегін қамтиды.

Тауар өткізу жүйесін 3 кезеңде жүзеге асыру ұсынылады.

Бірінші кезеңде ауыл шаруашылық тауарларын сақтауға бағдарланған 5 көтерме-тарату орталығы Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында салу жоспарлануда.

Онда біз ағымдағы жылдың 600 мың тоннаны құрайтын күзгі өнімді объектілерде орналастырғымыз келеді.

Бұл бюджеттік тетікті қолданылуына себебі болды.

Келесі екі кезеңде, республикалық бюджеттің шектеулі мүмкіндіктерін, сондай-ақ көтерме-тарату орталықтарының ауқымын ескере отырып, ?инвестицияларды тартудың тиімді тетігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмін қолданамыз.

Жобаны іске асырудың жалпы құны 237,5 млрд. теңгені құрайды (оның ішінде І-кезең - 30,0 млрд. теңге, ІІ-кезең - 60,0 млрд. теңге, ІІІ-кезең - 147,5 млрд. теңге).

Тауар өткізу жүйесін құру шамамен 10,5 мың, оның ішінде құрылыс кезеңіне 4,2 мың, объектілерді пайдалануға 6,3 мың мамандарды тартуға және жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Объектілерді салу үшін отандық жобалау және құрылыс компаниялары тартылатын болады.

Жалпы алғанда, 2022 жылға қарай көлемі жылына 4,8 млн. тонна қуатты құрайтын тетікті әзірлеп ұсынамыз.

Бұл қуат тапшылығын толық қамтиды және алдағы уақытта экспорттық экспансияға жағдай жасайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны