15.09.2016, 14:00 4050

"Бәйтерек" холдингінде Азия инвестициялық-қаржылық тобымен бірлескен инвестиция мәселесі талқыланды

Кездесуде өзара ынтымақтастықтыӊ әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" холдингініӊ Басқарма Төрағасы Ерболат Досаев Гонконгтыӊ қаржы министрі Джон Цанг бастаған Гонконгтыӊ бизнес делегациясымен кездесу өткізді, деп хабарлады холдингтіӊ баспасөз қызметі.

Кездесуде өзара ынтымақтастықтыӊ әлеуетті бағыттары, сондай-ақ бірлескен жобаларға инвестициялар мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ мен Азия инвестициялық-қаржылық тобы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум инфрақұрылымдық, көліктік жобаларға және "Нұрлы жол" мен "Бір белдеу - бір жол" мемлекеттік бағдарламалары шеӊберіндегі логистикалық қызмет көрсету саласындағы жобаларға 1 млрд. АҚШ долларына дейін бірлесіп инвестициялау мүмкіндіктерін көздейді.

Айта кетейік, Азия инвестициялық-қаржылық тобы халықаралық инвестициялық холдингтік компания болып табылады. Компания Қытай Халық Республикасында инвестициялық бизнес, металл мен минералдарды сату, тауар мен қызмет көрсетулерді экспорттау саласындағы қызметті жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны