03.04.2020, 16:28 6683

Батыс Қазақстан және Қызылорда облысында коммунальдық қызметтерге тарифтер төмендетілді

Қызылорда облысында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің төмендетілген тарифтері қолданысқа енгізілді.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan Today - Батыс Қазақстан облысында коммунальдық қызметтерге тарифтер төмендетілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылдың 23 наурызында коронавирус індетіне және дағдарысқа қарсы шаралардың жағдайы туралы жиналысында берілген тапсырмасын орындау аясында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап төтенше жағдайдың қолданылу кезеңіне халық үшін келесі коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендетілді:

- "Батыс су арнасы" ЖШС-ның сумен жабдықтау қызметіне Орал қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 м3 үшін 46,28 теңгеден 44,89 теңгеге дейін немесе 3%-ға тариф төмендетілді;

- "Жайықжылуқуат" АҚ-ның жылумен жабдықтау қызметіне Орал қаласының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 4 122,1 теңгеден 3 916,0 теңгеге дейін немесе 5%-ға тариф төмендетілді;

- "Батыс Энергоресурсы" ЖШС-ның электрмен жабдықтау қызметіне Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына ҚҚС-мен есептегенде 1 кВт/сағат үшін 12,64 теңгеден 12,27 теңгеге дейін немесе 3%-ға төмендетілді.

"Ақсайжылуқуат" МКК-ның қызметтеріне Ақсай қаласының тұрғындары үшін:

- жылумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 Гкал үшін 4 016,68 теңгеден 3 735,5 теңгеге дейін немесе 7%-ға тариф төмендетілді;

- сумен жабдықтау қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 м3 үшін 51,25 теңгеден 47,67 теңгеге дейін немесе 7%-ға тариф төмендетілді;

- су бұру қызметіне ҚҚС-мен есептегенде 1 м3 үшін 51,33 теңгеден 47,75 теңгеге дейін немесе 7%-ға тариф төмендетілді.

Сонымен қатар, бұдан бұрын коммуналдық қызметтер көрсететін барлық субъектілерге Департамент төтенше жағдайдың қолданылуы кезеңінде қалыптасқан берешектер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпау туралы ұсыныс хат жолдаған болатын.

Қызылорда облысында төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтердің төмендетілген тарифтері қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің "Коронавирус жағдайы және дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі кеңесте берген тапсырмасын орындау үшін, Қызылорда облысында коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілері төтенше жағдай кезеңінде тұрғындардың қаржылық жүктемесін төмендету мақсатында, сондай-ақ қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап, өз бастамалармен төмендегі қызметтер бойынша тарифтерді төмендету туралы шешім қабылдады:

"Қызылорда су жүйесі" МКК-ны:

- сумен жабдықтау қызметіне тарифі - 1 текше метрге ҚҚС-мен 45,61 теңгеден 40,80 теңгеге дейін немесе 10,5% -ға төмендетілді;

- су бұру қызметіне тарифі - 1 текше метрге ҚҚС-мен 48,82 теңгеден 43,0 теңгеге дейін немесе 11,9% -ға төмендетілді;

"Қызылордажылуэлектрорталығы" МКК-ы:

- жылумен жабдықтау қызметіне тұрғындарға:

тариф есептеу құралдары бар жеке тұлғаларға 1 Гкалға ҚҚС-мен 1989,21 теңгеден 1790,29 теңгеге дейін төмендеді;

есептеу құралдары жоқтарға 1 шаршы метрге жылуға төлем ақы ҚҚС-мен 96,76 теңгеден 87,08 теңгеге дейін немесе 10% -ға төмендетілді;

"Теміржолсу-Қзыл-Орда" ЖШС-ы сумен жабдықтау қызметіне тұрғындар үшін орташа босату тарифі - 1 текше метрге ҚҚС-мен 53,37 теңгеден 48,52 теңгеге дейін немесе 9,1% -ға төмендетілді.

Сонымен қатар, 3 энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың электр энергиясының орташа босату бағалары тұрғындар үшін 1 кВт.сағатқа ҚҚС-мен 9,1% төмендеді, оның ішінде:

- "Энергосервис" ЕЖШС-не ҚҚС-мен 15,90 теңгеден 14,46 теңгеге дейін;

- "Шиелі Жарығы" ЖШС-не ҚҚС-мен 17,49 теңгеден 15,90 теңгеге дейін;

- "Дәулетэнерго" ЖШС-не ҚҚС-мен 18,26 теңгеден 16,60 теңгеге дейін.

Сәйкесінше, тұрғындар үшін тұтыну көлемі бойынша сараланған тарифтер 9,1% төмендетілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны