Бүгінде барлық 5 трансшекаралық хаб бойынша жұмыстар жүруде. Біріншіден, басқарушы компаниялар және олардың жұмыс істеу шарттары айқындалды. Екіншіден, әлеуетті инвестициялық жобалардың пулдары қалыптастырылды. Үшіншіден, электр энергиясы, сумен жабдықтау, көлік жолдары және коммуникациялар сияқты негізгі инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Өзбекстан шекарасындағы "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығына 2025 жылдың 31 наурызында TURAN арнайы экономикалық аймағы мәртебесі берілді. Құрылыс екі кезеңмен жүзеге асырылуда. І кезең: 100 гектар аумақ функционалды аймақтарға бөлінді, сегіз өндірістік ғимарат салынды, ішкі жолдарды абаттандыру, сыртқы инженерлік желілерді тарту, кіреберіс жолдарын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бірінші кезеңнің барлық жұмысы осы жылдың соңына дейін аяқталады. ІІ кезең: поли-винил-хлорид (ПВХ) өнімдерін, тамшылатып суару жүйелерін өндіру, мақта, күріш, дәнді-дақылдар мен майлы дақылдарды қайта өңдеу бағыттары бойынша жеті инвестициялық жоба айқындалды. Сонымен бірге орталық аумағында индустриялық парк салу жоспарлануда. 185,1 миллиард теңге инвестиция тартылып, 1 150 жұмыс орны құрылады. Орталықты толық іске қосу 2026 жылға жоспарланған", - деді ол.
Каспий торабы аясында екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Олар - Ақтау теңіз портындағы контейнерлік хаб және Құрық портындағы "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалы. Екі жоба да "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағының құрамына енгізілген. Контейнерлік хаб үшін 19 гектар жер телімі бөлінді. Бұл "Ляньюньган Құрлықтық терминалы" компаниясымен бірлескен жоба. Инвестиция көлемі - 47,6 миллиард теңге. Хабтың алғашқы іске қосу кешені шілде айында пайдалануға берілді. Екінші кешеннің құрылысы 95% орындалып, жыл соңына дейін аяқталады. Жалпы жоба 2026 жылдың соңына дейін аяқталады деген жоспар бар. Жобалық қуаты - 240 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) контейнер. "Саржа" теңіз терминалы "Semurg Invest" компаниясының жеке инвестициялары есебінен жүзеге асырылуда. Терминал аумағы - 284,7 гектар, инвестиция көлемі - 98 миллиард теңге. Жалпы жүк терминалы пайдалануға берілді. Астық, әмбебап жүк, химиялық өнімдер терминалдары мен көлік-логистикалық орталық құрылысы жалғасуда", - деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық транзиттік дәлізінің құрамдас бөлігіндегі Индустриялық сауда-логистикалық кешен "Қарасу" және "Ақ-Тілек" өткізу пункттерінің жанында орналасқан. $385,2 млн құрайтын 18 жобадан тұратын инвестициялық пул жасақталды. Бұл жобалар құрылыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм және медицина салаларын қамтиды. Үш жарым мыңға жуық жұмыс орны ашылады. Жамбыл облысының әкімдігімен кешен аумағын 50 гектардан 150 гектарға дейін кеңейту жұмыстары аяқталған соң,бұл кешен арнайы экономикалық аймаққа айналады. Жобаны іске қосу 2026 жылға жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

