14.07.2017, 18:28 6460

Биыл Қызылорда облысы 2000 тонна бақша өнімдерін экспортқа шығарады

Өткен жылы аймақ көптеген жылдардан бері бақша өнімдерін экспорттауды жаӊғыртты, шетелге 1 мыӊ тонна өнім жөнелтілді. Ағымдағы жылы экспортқа енді 2 мыӊ тонна бақша өнімін шығару жоспарлануда.

Қызылорда. 14 шілде. Kazakhstan Today - Биыл Қызылорда облысы 2000 тонна бақша өнімдерін экспортқа шығарады.

Өткен жылы аймақ көптеген жылдардан бері бақша өнімдерін экспорттауды жаӊғыртты, шетелге 1 мыӊ тонна өнім жөнелтілді. Ағымдағы жылы экспортқа енді 2 мыӊ тонна бақша өнімін шығару жоспарлануда.

Бұл туралы Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық мәслихат сессиясында жасаған баяндамасында мәлімдеді.

"Аграрлық секторды әртараптандыру бойынша жұмыс қатар жасалуда. Біз қазір бақша дақылдары мен майлы дақылдар, сондай-ақ, картоп пен өнеркәсіптік негіздегі көкөніс өсіруді ұлғайту бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз",- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Икімніӊ айтуынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудіӊ негізгі үлесі ұсақ шаруашылықтарға тиесілі болғандықтан ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жұмыстары белсенді атқарылуда. Қазіргі таӊда облыста 64 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Олар 1325 жеке қосалқы шаруашылықтардыӊ басын біріктіріп отыр.

Айта кету керек, сыртқы нарыққа шығарылатын экспорттыӊ негізгі өнім түрлерін күріш пен балық құрайды. Тек соӊғы төрт жылдыӊ ішінде күріш экспорты 28%-ға, ал, балық 8 еседен жоғары өсті. Бұған қоса күріш өткізуде нарықты қайта бағыттау бойынша жұмыстар басталды, мысалы, Иранға.

" Жаӊа нарыққа көшу барысында күріш шаруашылығы агроөнеркәсіп кешенініӊ негізгі экспорттық саласы болып саналады. АӨК саласында күріштіӊ экспортта алар орны 44 %-ды құрайтын болады"-деп атап өтті әкім.

Ауыл шаруашылығы өндірісі саласындағы бәсекелестік артықшылықтарын бағалау үшін, кешенді маркетингтік зерттеулер жүргізілді. Бұдан соӊ, облыстыӊ әлеуетін ескере отырып, 2020 жылға дейінгі агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ "Агрокартасы" жасалды, өндірістік қуаттарды енгізудіӊ 2017-2020 жылдарға арналған жоспары бекітілді. "Агрокартада" белгіленген шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы көлемініӊ өсімі 2,4 есеге немесе 213 млрд. теӊгеге артатын болады, бұл ретте 2020 жылға қарай экспорт көлемін 5 еседен жоғары арттырудыӊ әлеуетті мүмкіндігі бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны