11.12.2007, 17:53 3133

Бішкекте 2007 жылдың қарашасында жылжымайтын мүлік бағасының стагнациясы тіркелді

Бішкекте 2007 жылдың қарашасында жылжымайтын мүлік бағасының стагнациясы тіркелді

Бішкек. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның астанасында 2007 жылдың қарашасында көп пәтерлі тұрғын үйлер нарығы мен коттедж құрылысында бағаның стагнациясы байқалады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Proinvest аналитикалық компаниясына сілтеме жасай отырып. "Нарықта, өткен айдағыдай сатып алу белсенділігі төмен болып отыр, бұл көп пәтерлі тұрғын үйлер нарығы мен коттедж құрылысында бағаның стагнациясына әкеп соқтырды, қараша айында ұсыныс бағаларының арасында өзгеріс байқалған жоқ",- деп хабарлады компаниядағылар.

Бішкектің екінші нарығындағы пәтердің орташа құны үстіміздегі жылдың қазан айындағы баға деңгейінде қалып, бір шаршы метрі 1071 АҚШ долларын құраса, коттедж құрылысы нарығында бір шаршы метрдің құны 1028 АҚШ долларын құрап отыр. Жеке меншік құрылыс нарығындағы бағаның болымсыз ғана - алдағы аймен салыстырғанда 3 пайызға өскендігі байқалады. Сөйтіп, бүгінде жеке меншік құрылыс нарығындағы бір шаршы метрдің құны 990 АҚШ долларына жеткен. Сарапшылар Бішкектің жылжымайтын мүлік нарығындағы белсенділіктің төмендеуін маусымдық ауытқу және Бішкектегі банктер кризисі деп түсіндіруде. Жалпы соңғы бес жылда Бішкектегі жылжымайтын мүлік бағасы сегіз есеге өскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны