05.12.2025, 15:31 99236

Бизнеске оңай болады: салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шегі қайта қаралды

Бизнеске оңай болады: салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шегі қайта қаралды
Сурет: Depositphotos
ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, сараланған тәсіл қолданылады. Салық берешегін өндіріп алу шегі 6 АЕК-тен 20 АЕК-ке дейін, ал әлеуметтік аударымдар бойынша берешек 1 теңгеден өндіріп алынса, 6 АЕК-ке дейін көтерілді, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Енді 20 АЕК-ке дейін салық берешегінің пайда болуы туралы хабарлама ғана жіберіледі. 20-дан 45 АЕК-ке дейінгі берешек кезінде - хабарлама жіберіледі, борыш өтелмеген жағдайда салық берешегі сомасына шығыс операциялары тоқтатылады. Берешек 45 АЕК-тен жоғары болған жағдайда - мүлікті тізімдеу және сату қолданылады", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Бұдан басқа, 6 млн теңге дейінгі салық берешегін төлеуге мүлік кепілінсіз ұзарту/бөліп төлеу ұсынылады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны