06.03.2026, 20:25 1886

Қазақстан СІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті

Қазақстан СІМ-де Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты жиын өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға СІМ басшылығы және ведомство ұжымының әйелдер қауымы қатысты, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Салтанатты жиын барысында дипломатиядағы және халықаралық аренадағы әйелдердің рөлінің маңыздылығы аталып өтті. Әйел дипломаттардың еңбегі халықаралық байланыстарды нығайтуға және жаһандық деңгейде Қазақстанның мүдделерін ілгерілетуге елеулі үлес қосатыны атап көрсетілді. Министрліктің орталық аппаратында да, шетелдегі мекемелерінде де әйелдер мемлекеттік мүдделерді қорғауға және сыртқы саяси міндеттерді іске асыруға белсенді атсалысуда.

Іс-шара барысында Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев қазақстандық дипломат әйелдердің кәсібилігін, жауапкершілігін және елдің сыртқы саяси басымдықтарын ілгерілетудегі маңызды үлесін атап өтті.

Әйелдердің қазіргі қоғамдағы және мемлекет өміріндегі рөлі артып келеді. Сыртқы саяси ведомствода қызмет атқарып жүрген әйелдер еліміздің халықаралық беделін нығайтуға және Қазақстанның ұлттық мүдделерін ілгерілетуге маңызды үлес қосуда", - деп мәлімдеді Министр.


Мереке аясында сыртқы саяси қызметтің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар қызметкерге мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны