14.02.2023, 12:22 46026

Бюджет қаражатын игермеу бойынша қандай министрліктер көш бастап тұр

Ең көп игерілмеу сомасы Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде байқалған
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатының неге игерілмей қалғанын түсіндірді.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 93,5%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары - 94,7%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 96,3%-ке атқарылды.

Республикалық бюджет бойынша 1,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді. 84 млрд теңге жұмсалмай қалған, оның ішінде 13 млрд теңге - үнемдеу болса, 71 млрд теңге - игерілмеген", - деді Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.


Ең көп игерілмеу сомасы Денсаулық сақтау, Мәдениет және спорт, Экология және табиғи ресурстар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде байқалған.

Игерілмеудің негізгі себептері: төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың болмауы немесе ұсынылмауы; шарттарды, қосымша келісімдер жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу; бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде нормативтік құқықтық актілерді уақытылы қабылдамау; орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды, уақтылы ұсынбау; конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізу", - деп түсіндірді Қаржы министрі.


Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны