09.09.2009, 13:12 3064

Депозиттерге кепілдік беру қоры 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставканы төмендетпекші

Депозиттерге кепілдік беру қоры 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставканы төмендетпекші

Алматы. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Депозиттерге кепілдік беру қоры 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставканы 11,5% дейін төмендетуді жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық банкінің басшысы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің білуімізше, Депозиттерге кепілдік беру қоры шешім қабылдады, 21 қыркүйектен бастап теңгелік депозиттер бойынша ставка 11,5% дейін төмендетіледі. Ал валюталық депозиттер бойынша ставка 8% деңгейінде қалады", - деді Г. Марченко.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны