11.10.2007, 18:16 3168

Душанбеде ТМД елдерінің Электр энергетикалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Душанбеде ТМД елдерінің Электр энергетикалық кеңесінің кезекті отырысы өтеді.

Мәскеу. 11-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін РАО "ЕЭС Ресей" басқарма төрағасы Анатолий Чубайс Тәжікстан астанасы Душанбеге аттанады. Онда ертең 12-қазан күні ТМД елдерінің Электр энергетикалық кеңесінің 32-отырысына қатысады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне РАО "ЕЭС Ресей" баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, алдағы отырыстың басты мәселесі ТМД мүше мемлекеттердің ортақ электр энергетикалық нарығының даму кезеңдері бойынша ұсыныстар әзірлеу барысын қарастыру болады. Одан өзге Армения мен Түркіменстанның энергетикалық жүйелерін ТМД елдерінің энергетикалық жүйелерімен біріктіру жұмысын қайта қалпына келтіру барысы жайлы баяндамалар тыңдалады, сондай-ақ, Ресей - Изербайжан - Грузия - Ресей электр торабын тұйықтау мүмкіндігі және жағдайы туралы мәселе қарастырылады.

Отырыста ТМД елдерінің энергетикалық жүйелерінің 2007 - 2008 жылдардың күз-қыс маусымында жұмыс істеуге дайындығының барысын талқылау жоспарланған. Сонымен қатар, ТМД мен Балтық жағалауы мемлекеттерінің энергетикалық жүйелерін еуропалық UCTE энергетика бірлестігімен синхронды біріктірудің техникалық-экономикалық негізін жасау мәселелері қарастырылатын болады.

ТМД электр энергетикалық кеңесі 1992 жылдың 14-ақпанында құрылған. Оның басты міндеті - бірлескен электр энергетикалық жүйелердің тиімді жұмыс істеуі негізінде мемлекеттердің экономикасын және халқын тұрақты және сенімді энергетикамен қамтамасыз ету бойынша бірлескен іс-әрекеттер жүргізу. РАО "ЕЭС Ресей" басқарма төрағасы Анатолий Чубайс ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 2000 жылдан бергі президенті болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны